Перейти к содержимому

Дәрігерлермен кездесу өтті

44 қаралым

Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы Шелек полиция бөлімінің қызметкерлері Шелек ауылының аудандық ауруханасында медицина қызметкерлері мен емделушілер арасында интернет және телефон алаяқтығының алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері қазіргі таңда кең таралған интернет алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдары туралы түсіндірді.

«Алаяқтар көбіне өзін банк қызметкері, полиция қызметкері немесе басқа да мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады. Сондай-ақ жалған сілтемелер жіберу, тиімді несие немесе жүлде ұсыну, әлеуметтік желілердегі жалған хабарландырулар арқылы ақша аудартуға әрекет жасайды», – деген Шелек полиция бөлімінің бастығы Шоң Ынтымақ интернет алаяқтарының арбауына түсіп қалмау үшін бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, CVV кодын және SMS арқылы келген растау кодтарын бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, телефон арқылы белгісіз тұлғалардың нұсқауымен ақша аудармау, әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді жарияламау, күмәнді жағдай туындаған кезде ақпаратты нақтылап, полицияға жүгіну керектігін ескертті.

Кездесуге келген медицина саласының қызметкерлері интернет алаяқтыққа қатысты өз оқиғаларымен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Ал нақты жайттардан мысал келтірген полиция қызметкерлері оқыс оқиға орын алмауы үшін қалай әрекет ету керектігін азаматтарға жан-жақты түсіндірді.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Еңбекшіқазақ ауданы

↑