Перейти к содержимому

Елдіктің еңселі мерекесі

64 қаралым

Райымбек ауданында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Б. Мұқай атындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік жиынға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Жиында Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, 1990 жылғы 25 қазанда «Мемлекеттік егемендік туралы» декларацияның қабылдануы ел тәуелсіздігіне бастар маңызды қадам болғаны атап өтілді.
Мерекелік жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына үлес қосып жүрген азаматтар Райымбек ауданы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтіп, олардың елге адал қызмет етуге деген жауапкершілігі айқындалды.


Салтанатты шарада аудан прокурорының құттықтау сөзі айтылып, мерекелік жиын аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Республика күні – елдіктің қадірін ұғындырып, тәуелсіздіктің тұғырын нығайтатын маңызды мереке. Туған елдің өркендеуі жолындағы адал еңбек пен ортақ жауапкершілік – мемлекет дамуының басты кепілі.

Ақерке Бижан
Райымбек ауданы

↑