Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Есірткі саудасына жол жоқ!

Есірткі саудасына жол жоқ!

31 қаралым

Есірткінің заңсыз айналымы қоғамның қауіпсіздігіне және азаматтардың денсаулығына қатер төндіреді. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін құқық қорғау органдарының жұмысы мен халықтың құқықтық сауаттылығы қатар дамуы қажет. Азаматтар әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде есірткі таратуға қатысты күмәнді ұсыныстарға тап болса, оларға араласпай, тиісті органдарға хабарлағаны жөн. Өзгенің өтінішімен белгісіз заттарды тасымалдауға немесе күмәнді сәлемдемелерді жеткізуге келіспеу керек. Жастарға заңсыз әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіру де маңызды. Қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар есірткіге қарсы бастамаларды қолдап, қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қоса алады. Есірткі саудасына қарсы күрес заңдылықты сақтауды және азаматтардың белсенділігін талап етеді.

Ақерке БИЖАН

↑