Жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігі ел болашағының негізін қалайды. Осыған байланысты есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес және оның алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуі тиіс. Жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің таралуына жол бермеу үшін құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы ерекше. Мектептер мен колледждерде полиция қызметкерлерінің, дәрігерлердің және психологтердің қатысуымен кездесулер өткізу жастарға дұрыс таңдау жасауға көмектеседі. Әсіресе интернет арқылы есірткі сатуға тарту, күмәнді ұсыныстар мен заңсыз жарнамаларға қатысты сақтықты күшейту қажет. Кез келген күмәнді ақпарат немесе есірткі саудасына қатысты мәлімет құқық қорғау органдарына жеткізілуі керек. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен шығармашылыққа баулу – есірткіге қарсы күрестің маңызды тетігі.
Құралбек СӘБИТОВ

