Перейти к содержимому

«Есірткіге жол жоқ!» – ортақ ұстаным

227 қаралым

Қоғамның қауіпсіздігі әр адамның жауапты әрекетінен басталады. Есірткі бизнесінің таралуына тосқауыл қою үшін құқық қорғау органдарымен қатар тұрғындардың да қырағылығы қажет. Күмәнді жағдайларға немқұрайлы қарамай, тиісті органдарға хабарлау азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Әсіресе жастарды есірткіге тартатын қауіпті интернет ұсыныстарынан сақтандыру маңызды. Әлеуметтік желілердегі күмәнді жарнамалар мен белгісіз адамдардың ұсыныстарына сенуге болмайды. Бала тәрбиесінде ашық әңгіме мен сенімді қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Есірткіден азат қоғам құру – ортақ мақсат.

Ерзат АСЫЛ

↑