Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Таза аула – жайлы мекеннің негізі

Таза аула – жайлы мекеннің негізі

113 қаралым

Әрбір елдімекеннің көркі оның тазалығы мен абаттандырылуынан көрінеді. «Таза Қазақстан» аясында аулаларды, саябақтарды, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге ерекше мән берілуде. Тұрғындар сенбіліктерге қатысып, қоқыстарды жинау, ағаштарды әктеу және аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұндай бастамалар адамдарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын өз ауласының тазалығына көңіл бөлсе, бүкіл елдімекеннің келбеті жақсара түседі. Сонымен қатар, балалар мен жастарға табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру – маңызды міндеттердің бірі. Таза аула – тұрғындарға жайлы өмір сыйлайтын көрікті ортаның кепілі.

Ерзат АСЫЛ

↑