Перейти к содержимому

Мен – донормын!

138 қаралым

Райымбек аудандық ауруханасында қан донорлығына арналған қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастамаға облыстық қан орталығының мамандары қатысты. Адам өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды шарада 100-ге жуық тұрғын қан тапсырды.

Донорлық – ауыр науқастар мен жарақат алған жандарға, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарға қажетті қан қорын толықтыруға мүмкіндік беретін сауапты іс. Қан тапсыруға келген азаматтар донорлыққа қойылатын медициналық талаптарды сақтап, жауапкершілік танытты. Мамандар тарапынан әр донордың денсаулық жағдайы тексеріліп, қан тапсыруға жарамдылығы анықталды.
Донор болу – адам өміріне араша түсудің жарқын үлгісі. Бір адамның қан тапсыруы бірнеше науқасқа көмек көрсетуге мүмкіндік беруі мүмкін. Сондықтан мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара қолдау мен жанашырлықтың маңызын айқындай түседі.
Аудан тұрғындарының игі бастамаға белсенді қатысуы – адам өміріне деген жауапкершілік пен мейірімділіктің көрінісі. Райымбек аудандық ауруханасының ұжымы өзгеге өмір сыйлауға үлес қосқан барша тұрғынға алғысын білдірді.

Ақерке БИЖАН

Райымбек ауданы

↑