Жастардың дені сау әрі белсенді болуы – елдің болашағы үшін маңызды. Осыған байланысты есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі қажет. Спортпен айналысу, кітап оқу, өнерге қызығу және қоғамдық жұмыстарға қатысу жастардың дұрыс бағыт таңдауына ықпал етеді. Теріс орта мен зиянды әдеттерден аулақ болу адамның өзіне байланысты. Ата-ана баласының ортасы мен қызығушылығына назар аударғаны жөн. Құқықтық сауаттылық та есірткінің алдын алудың тиімді құралдарының бірі. Салауатты таңдау жасаған жас өз болашағына жауапкершілікпен қарайды.
Ерзат АСЫЛ
