Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Қаржылық пирамидалар – алдамшы табыстың тұзағы

Қаржылық пирамидалар – алдамшы табыстың тұзағы

60 қаралым

Қазіргі таңда азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және алаяқтық схемалардан қорғау ерекше маңызға ие. Солардың бірі – қаржылық пирамида. Мұндай схемалар адамдарға қысқа мерзімде мол пайда табуға уәде беріп, олардың сенімін теріс пайдалануы мүмкін.

Қаржылық пирамиданың негізгі белгілеріне нарыққа сай келмейтін жоғары табыс уәдесі, табыстың нақты көзі туралы ақпараттың болмауы, жаңа қатысушыларды тартуға басымдық берілуі және қаражатты қайтару шарттарының түсініксіздігі жатады.

Кейбір алаяқтар өздерін инвестициялық компания, онлайн жоба немесе заманауи қаржы платформасы ретінде таныстырады. Әдемі жарнама мен әлеуметтік желідегі жалған пікірлер олардың қызметін сенімді етіп көрсетуі мүмкін. Сондықтан тек сыртқы көрініске қарап шешім қабылдауға болмайды.

Ақша салмас бұрын ұйымның тіркелуін, қызметіне қажетті рұқсаттарының бар-жоғын және инвестициялау шарттарын тексеру қажет. Қарыз алып инвестиция салудан және басқа адамдарды күмәнді жобаға шақырудан аулақ болған жөн.

Қаржылық сауаттылық – өз қаражатыңды тиімді басқару ғана емес, тәуекелді дұрыс бағалай білу. Кез келген инвестицияның тәуекелі бар екенін ұмытпау керек.

Қаражатыңызды қорғаңыз: тексерілмеген ұсынысқа сенбеңіз, шешімді ойланып қабылдаңыз.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑