Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Құқықтық сауаттылық – зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы

Құқықтық сауаттылық – зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы

147 қаралым

Құқықтық сауаттылық адамның өз құқығын қорғап, заң алдындағы міндеттерін түсінуіне мүмкіндік береді. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда заң талаптарын білу ерекше маңызға ие. Әрбір азамат күш көрсету, қорқыту және адамның еркін шектеу сияқты әрекеттердің салдары болуы мүмкін екенін түсінуі қажет. Тұрмыстық қиындықтарды шешуде ашуға берілмей, өзара келісім мен сабырлылыққа басымдық берген жөн. Құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстары тұрғындардың заңға деген құрметін арттыруға ықпал етеді. Зардап шеккен адамдарға дер кезінде көмек көрсету олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі саналады. Заңды білу және оны құрметтеу зорлық-зомбылықсыз қоғам құруға жол ашады.

Ерзат АСЫЛ

↑