Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / ТАЗАЛЫҚ – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

ТАЗАЛЫҚ – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

19 қаралым

Қоршаған ортаның тазалығы – халықтың өмір сапасы мен елді мекендердің көркін айқындайтын маңызды факторлардың бірі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғатты қорғауға, жасыл желектерді күтіп-баптауға және санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Тазалық шаралары барысында көшелер, саябақтар, арық-атыздар мен көпшілік пайдаланатын аумақтар ретке келтірілуде. Сонымен қатар тұрғындарға қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Табиғатты аялау – келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырудың кепілі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑