Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын және қоғам өмірінің негізгі қағидаттарын белгілейтін басты құжат. Оның ережелерін білу азаматтардың құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Конституциялық қағидаттарды құрметтеу заң үстемдігін нығайтып, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, елдің негізгі заңына деген құрметін қалыптастыру маңызды. Конституция талаптарын сақтау – тұрақты мемлекет пен қауіпсіз қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі.
Ерзат АСЫЛ

