Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған адамдардың кейде түрлі себептермен көмек сұрауға батылы жетпей жатады. Алайда мәселені жасыру оның одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат өз құқығын қорғау жолдарын біліп, қажет болған жағдайда полиция мен тиісті көмек көрсету ұйымдарына жүгінуі керек. Қоғам да мұндай жағдайларға бейжай қарамай, зардап шеккен адамдарға қолдау білдіргені жөн. Зорлық-зомбылықты тоқтатудың алғашқы қадамы – үнсіздікті бұзу.
Ерзат АСЫЛ

