Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысында Startup Orda бағдарламасының Demo Day өтеді

Алматы облысында Startup Orda бағдарламасының Demo Day өтеді

74 қаралым

Alatau Hub-та Startup Orda бағдарламасының қорытынды іс-шарасы Demo Day өтеді. Онда бағдарламаның ең үздік 10 стартабы жобаларын жюри мен қонақтар алдында таныстырады.

Startup Orda – Astana Hub-тың Қазақстан өңірлеріндегі стартаптарды дамытуға арналған ұлттық инкубациялық бағдарламасы. Бағдарламаға 62 қатысушы іріктеліп алынды, финалға 12 ең мықты жоба жетті. Үш ай ішінде қатысушылар 12 воркшоп, 3 топтық талдау, 6 трекшн-сессиядан өтті және әрқайсысы 2 жеке кеңес алды. Осы уақытта олар гипотезаларын тексеріп, өнімдерін жетілдіріп, масштабтау модельдерін іздеді.

Demo Day-де әр команда жобасын 3 минут ішінде таныстырып, жюри мен қонақтардың сұрақтарына 2 минут жауап береді. Бағдарлама барысында Open Mic өтеді: командалар бағдарламаға не ойлап келгенін, үш айда не өзгергенін және өзімен не алып кететінін айтып береді. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Жюри анықтаған ең үздік жоба Астанада өтетін жаңа жылдық Pizza Pitch-ке қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ресми бөлім фуршеттегі нетворкингпен аяқталады.

Биыл Demo Day төрт өңірде өтеді: Қонаев, Орал, Шымкент және Семей.

«Startup Orda Алматы облысының жастарына Алматы мен Астанаға бармай-ақ, өз қаласында идеясын жобаға айналдыруға мүмкіндік береді. Demo Day – қатысушылардың үш ай бойы атқарған жұмысын көрсететін маңызды кезең. Барлық тілектестерді командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді Alatau Hub директоры Асхат Жанбосынов.

Іс-шараға қатысу үшін Astana Hub қосымшасы арқылы алдын ала тіркелу қажет.

13 қараша, 16:00–18:00
Alatau Hub, Қонаев қ., Қонаев к-сі, 5Б
Тіркелу сілтемесі: https://astanahub.com/kk/event/alatau-hub-demo-day-final-startup-orda

↑