Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ауладағы қауіп: балалар ойнайтын жерде тәртіп бар ма?

Ауладағы қауіп: балалар ойнайтын жерде тәртіп бар ма?

46 қаралым

Балалар алаңы – бүлдіршіндердің асыр салып ойнайтын, тұрғындардың тынығатын орны. Алайда кейбір аулаларда кешкі уақытта тыныштықтың бұзылуы, қоғамдық мүліктің бүлінуі, бөтен адамдардың бейберекет әрекеттері тұрғындардың алаңдаушылығын туғызады. Әсіресе балалар ойнайтын орындарда қауіпсіздік талаптарының сақталуы маңызды.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындардың белсенділігі мен құқық қорғау органдарының жұмысы қатар жүруі керек. Аулаға бейнебақылау орнату, жарықтандыруды жақсарту және учаскелік полиция инспекторларымен тұрақты байланыс орнату – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолдары.
Қоғамдық орынның тазалығы мен тыныштығы тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Оған сол аулада тұратын әрбір адамның жауапкершілігі қажет.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑