Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылындағы №135 сайлау учаскесінде Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры, белгілі қолөнер шебері Дәулет Шоқпаров дауыс берді.
Ұлттық қолөнер мен дәстүрлі мәдениетті дәріптеп жүрген өнер иесі Дәулет Шоқпаровтың айтуынша, сайлау – әрбір азаматтың ел өміріндегі маңызды қоғамдық үдерістерге қатысып, өз таңдауын білдіруіне берілген мүмкіндік. Сондықтан дауыс беру – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
«Елдің ертеңі мен болашағы әрбір азаматқа ортақ. Қоғамның дамуына бейжай қарамай, маңызды шешімдер қабылданатын сәтте өз таңдауымызды жасауымыз керек. Мұндай науқанда әр адамның дауысы маңызды. Сондықтан саяси науқанға отбасыммен келіп отырмын. Ұрпаққа өнегелі ел, тұрақты қоғам қалдыру үшін әрқайсымыз азаматтық міндетімізге жауапкершілікпен қарауымыз қажет», – деп атап өтті Дәулет Дәркембайұлы.
Белгілі шебер сайлауға қатысу арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, ел өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмады.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
Еңбекшіқазақ ауданы

