Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Білімді ұрпақ – ел болашағы»: оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті

«Білімді ұрпақ – ел болашағы»: оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті

127 қаралым

Алматы облысына қарасты Алатау қаласының Заречный ықшамауданындағы №1 кітапхана филиалында жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Тағылымды шараға оқушылар қатысып, білім мен тәрбиенің, кітап оқудың және үздіксіз ізденістің адам өміріндегі маңызы жөнінде ой бөлісті.

Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту және саналы ұрпақ қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар білімнің адам өміріндегі рөлі, кітап оқудың пайдасы, болашақ мамандықты дұрыс таңдау және ел дамуына үлес қосу тақырыптарында пікір алмасты. Сонымен қатар жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және ізгілікке тәрбиелеу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, қызықты пікірталасқа қатысты.

Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, білімге деген ынтасын арттыруға және рухани дамуына ықпал етеді.

Толқын ОДАШҚЫЗЫ

Алатау қаласы

↑