Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Тазалық – туған жерге деген құрмет

Тазалық – туған жерге деген құрмет

4 қаралым


«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. Таза әрі көрікті елді мекен құру әрбір азаматтың ортақ міндеті саналады. Осы мақсатта еліміздің қалалары мен ауылдарында тазалық акциялары, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мұндай шараларға тұрғындар, еріктілер, жастар мен түрлі ұйымдардың өкілдері белсенді қатысады. Қоғамдық орындарды таза ұстау, қоқысты белгіленген жерге тастау және табиғатты аялау – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Әр адамның жауапкершілігі мен белсенділігі туған өлкенің көркеюіне ықпал етеді. Тазалықты сақтау арқылы біз келер ұрпаққа жайлы әрі экологиялық қауіпсіз орта қалдырамыз.

Ерзат АСЫЛ

↑