Перейти к содержимому

 Кеңейтілген жиын өтті

173 қаралым

         Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп: жауапты ұрпақ – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында кеңейтілген жиын өтті. Жиынға сот, прокуратура, полиция және білім саласының өкілдері, ұстаздар, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары мен әкелер кеңесінің мүшелері қатысты.

         Кеңейтілген жиында Алматы облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ғалия Бақтығұлова және аудандық полиция бөлімі мен ата-аналар өкілдері сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен отбасы тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар педагог-психологтар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасады.  Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу, отбасы, мектеп және құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығын нығайту.

         Шара аясында Мәдениет үйінің фойесінде аудан мектептері оқушыларының шығармашылық жұмыстары, робототехника саласындағы жобалары мен түрлі байқауларда қол жеткізген жетістіктерінен көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

↑