Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Тазалық – ортақ жауапкершілік

Тазалық – ортақ жауапкершілік

18 қаралым

Қоршаған ортаны қорғау және елдімекендердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы табиғатты аялауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Тазалық жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуы қоршаған ортаның жақсаруына ықпал етеді. Ағаш отырғызу, көшелерді қоқыстан тазарту және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сияқты қарапайым әрекеттердің маңызы зор. Әсіресе, жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың мәнін түсіндіру арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыруға болады. Әрбір адам өз ауласынан бастап тазалыққа үлес қосса, елді мекендердің көркі арта түседі. Таза орта – денсаулық кепілі әрі келешек ұрпаққа қалдыратын құнды мұра.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑