-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Цифрлық жүйе жетілдіріледі

    15.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Өңір тынысы
    Цифрлық көшірме жобасы қауіпсідікті күшейтпек
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қонаев қаласының бас жоспары мен облыс аумағындағы елдімекендерді цифрландыру  мәселесі сөз етілді. Баспасөз мәслихатына қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен оны дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға  тоқталды.

    Бүгінде «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы «Smart City» тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуда. Жобаның негізгі мақсаты облыс әкімдігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішкі процестерін, аналитикалық және бағдарламалық түрде визуализациялау мүмкіндігі бар кеңістікте облыстың Цифрлық көшірмесін жасау арқылы өзара іс-қимыл процестерін оңтайландыру. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының телкоммуникациялар бөлімінің бас маманы Тұран Жанбота толығырақ баяндады. Оның айтуынша, Алматы облысындағы 373 елдімекеннің 355-і (95,2%) мобильді байланыспен қамтамасыз етілген, оның ішінде 348 елдімекенде мобильді интернет қолжетімді және олардың 283-інде 4G стандартындағы интернет бар.

    – «Алматы облысының елдімекендерін сапалы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы» негізінде «КаР-Тел» ЖШС 3 ауылда, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС 2 ауылда, «Кселл» АҚ 2 ауылда базалық станса орнату жұмысын жүргізуде. Жаңа буынды 5G байланысын өрістету мақсатында «Кселл» АҚ Қонаев қаласында 10 және облыстың Алматы қаласы маңындағы елдімекендерінде 9 базалық стансаны іске қосты. 2025 жылдың соңына дейін ондай базалық стансалардың санын 64-ке дейін арттыру жоспарланған, – дейді Тұран Талғатұлы.

    Полиция департаменті және Цифрлық технологиялар басқармасының мамандарымен бірлесіп, Қонаев қаласындағы 308 бейнекамераны осы платформаға шығару бойынша жұмыстар жүргізілді. Алайда, цифрлық көшірме жобасы ақпараттық қауіпсіздік сертификациясына өтпеуіне орай, бұл бағыттағы жұмыстар тоқтатылды. Техникалық мүмкіндіктер пысықталды, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі шешімін тапса, интеграция жасалады. Облыстық  ПД бастығының орынбасарының уақытша міндетін атқарушы  Ақылбек Төлеуовтің сөзінше, жол қауіпсіздігін бақылау, яғни жол-көлік оқиғалары жиі болатын жерлерді болжауға, сонымен қатар қылмыстар жиі орын алатын аумақтарды айқындауға, визуализация жасауға «Цифрлық көшірме» жобасы  таптырмас мүмкіндік береді.

    Баспасөз мәслихаты облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасының басшысы Болат Мұсылманбековтің  Қонаев қаласының бас жоспары туралы баяндауымен түйінделді. Оның сөзінше, бас жоспардың негізгі мақсаты – ондағы барлық элементті өзара байланыстыра отырып, өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтарды ұтымды бөліп, жайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру. Жоспарда қаланың перспективалық шекарасына қосылатын елдімекендер мен тұрғын үй кешендері де ескеріледі. Басқарма басшысы алға қойылған міндеттерді іске асыруда экономикалық қызмет, тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіпті дамыту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау жүйелері, инженерлік, көлік инфрақұрылымы және көше-жол желісі, көгалдандыру, жылу, электр, газ, сумен жабдықтау, су тарту және т.б. іс-шаралар жоспарда көрсетілгенін атап өтті. Бас жоспарға сай цифрлық жүйені жетілдіруге басымдылық берілмек.

    Ерзат Асыл

    Ұсынымдар

    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    8 months ago
    МҰҚАҒАЛИТАНУ ОРТАЛЫҒЫ  КЕРЕК

    МҰҚАҒАЛИТАНУ ОРТАЛЫҒЫ КЕРЕК

    4 months ago
    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    1 year ago
    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    2 years ago
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.