-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тамсандырған, ән салдырған!

    28.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Табиғат түзген туынды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қайталанбас ғажап дауысымен әлемге танылған әйгілі әнші, күллі қазақтың мақтанышы Димаш Құбайберген көркіне көз тоймайтын Алатау жауһарлары – Көлсай мен Шарын шатқалына арнайы барып, жаңа туындысына бейнебаян түсірді. Алдағы уақытта әншінің дүние жүзіндегі миллиондаған жанкүйері еліміздің әсем табиғатына тамсанып, оны бір көруге аңсары ауатыны анық.

    Димаштың әні арқылы Қазақстанның табиғи және мәдени қазыналарын жаһанға паш етіп, отандық туризмнің дамуына серпін беретін айтулы жобаны  ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы қолға алған. Бейнебаян түсірілімі еліміздегі танымал туристік орындарда өтті. Атап айтқанда, Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан қорық-музейі, Бозжыра шатқалы, Бурабай, Қатонқарағай, Торыш алқабы және тағы басқа тарихы терең, қасиеті ерен, тұмса табиғатқа тұнып тұрған мекендер бар.

    «Бұл жоба көрермендерге өнер туындысы арқылы елімізді жаңа қырынан көрсетуге жол ашады. Бейнебаянды тамашалағандар Қазақстанды мәдени мұрасы бай, қайталанбас табиғаты бар ерекше мекен ретінде таниды», – деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

    Жоба түсірілімі Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары туризм басқармаларының, сондай-ақ «Visit Alatau» туристік ақпараттық орталығының, «Air Astana» және «FlyArystan» әуе компанияларының, «Karavansaray Turkistan» кешенінің, сондай-ақ «Integra Construction KZ» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

    2021 жылы «Көлсай көлдері» ұлттық паркі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық резервтер желісіне енгізілсе, Қайыңды әлемдегі ғажайып 15 көлдің тізіміне кірген. 2023 жылы Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымының шешімімен «Үздік туристік ауыл» атанды.

    Көлсай көлдері мен Шарын шатқалы Алматы облысының тұрғындарына жақсы таныс. Мұнда тіпті жылына бір емес, бірнеше рет сапарлап, табиғат аясында тыныстап қайтатын ағайындар қаншама?! Соңғы жылдары бұл маңға еліміздің өзге аймағындағы ағайындар мен шетелдік туристер де көптеп тартыла бастады. «E-Qonaq» мәліметіне сүйенсек, биыл алты ай ішінде «Шарын» ұлттық паркіне – 54955, «Көлсай көлдеріне» – 161 746 адам келген екен.

    Ал енді жоғарыда көрсетілген адамдар саны Димаштың туындысы жарық көргеннен кейін еселеп артуы әбден мүмкін. Сондықтан ортақ іске тек Димаш қана емес, бәріміз де атсалысайық.

    Болат Мәжит

    Ұсынымдар

    Аламанда алға озғандар

    Аламанда алға озғандар

    6 months ago
    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    1 year ago
    Мерекенің маңызы зор

    Мерекенің маңызы зор

    2 years ago
    Алматы облысында әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

    Жауапкершілік жүгі жоғары

    12 months ago
    Аян салған ән асқақ

    Аян салған ән асқақ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>