⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Газбен қамтылады

    30.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    Газбен қамтылады
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектісінің өзіне жүктелген міндеттемелерді, атап айтқанда, 2023-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау барысы туралы ашықтық және айқындық мақсатында «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС-ның нысандары бойынша БАҚ және тұтынушыларды хабардар ету үшін баспасөз турын өткізді. Оған Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Төреханов, осы департамент басшысының орынбасары Г.Өтегенова, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Ж.Оңалбаев, Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Ақмұрзаев, Қонаев қаласының мәслихат төрағасы С.Нұрқадыров, журналистер және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

    Баспасөз туры барысында қатысушылар «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС инвестициялық бағдарламасының іске асырылуымен танысты. Онда «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС директоры Батурин Абдримов баяндама жасады. Оның сөзінше, департамент тарапынан 2021-2025 жылдарға арналған жалпы сомасы 173225,58 мың теңгеге тең инвестициялық бағдарлама бекітілген, соның аясында өткен жылы бөлінген қаржы 35800,24 мың теңгені құраған. Серіктестік басшысының айтуынша, 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламада Қонаев қаласының 4 шағын ауданында ұзындығы 2,82 шақырым газ тарату желілерін жүргізу көзделген әрі ол толық орындалған. Газ тарату желілерін жүргізу нәтижесінде 787 абонент көгілдір отынға қосылған.

    ЖШС директоры өзінің сөзін: «Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша, биылға арналған 39 432,00 мың теңге сомаға бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде ұзындығы 2,5 шақырым Қонаев қаласының 3,4,5-шағын аудандарының төмен қысымды алаңішілік газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде 765 абонентті ілеспе газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Негізінде нысанды толық көлемде аяқтау мерзімі – 2024 жылғы желтоқсан айы», – деп қорытындылады.

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    Жақсылық жасап жарысайық

    Жақсылық жасап жарысайық

    1 year ago
    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    1 year ago
    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    Бір арнаға тоғысса…

    1 year ago
    Түлектер тағылымы

    Түлектер тағылымы

    8 months ago
    Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

    Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>