-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Батыр атындағы белдесу

    03.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Батыр атындағы белдесу
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Іле аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында Райымбек батыр жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Турнирде еліміздің 12 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жасөспірімдері бақ сынасты.

    Турнирдің ашылу салтанатында ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар жас спортшыларды айтулы спорт мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
    «Елімізде қазақ күресінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын балуандарымыз Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәлелдеді. Қазақ күресі турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 15 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі – алтын, біреуі – күміс және 2-еуі – қола. Бұл спорттық шараға келетін болсақ, оның маңызы өте зор. Ол жас буын спортшыларды патриоттыққа тәрбиелеу, белсенді және салауатты өмір салтына баулу мақсатын көздейді. Мұндай жарыстар спортшы жастарды шыңдай түседі. Бүгінгі сайыста бақ сынаған жас балуандардың көбі халықаралық беделді турнирлерде ел намысын қорғайды деп сенемін», – деді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Шақарбек.
    Турнирдің тарихына келер болсақ, жарыс осыдан 21 жыл бұрын Іле ауданы Өтеген батыр ауылында бастау алған. Алғашында жарыс аудандық, кейін облыстық көлемде өткізілсе, қазір республикалық мәртебеге ие.
    «Бұл турнирдің тәрбиелік мәні зор. Өйткені жас спортшылар өз елінің тарихын білумен қатар, Райымбек сынды халық батырының өнегелі жолынан үлгі алады. Ол батыл жауынгер болғанымен, бейбітшілікті соғыстан жоғары қойды. Бейбіт келіссөздерде тыныштыққа қол жеткізуге тырысты. Батыр бабамыздың рухы жас спортшыларды қанаттандырары сөзсіз. Жарысқа қатысушылардың арасында болашағынан зор үміт күттіретін балуандар көп», – дейді Іле аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, қазақ күресінің ардагері Қапар Рауанов.
    Тоғыз салмақ дәрежесінде (46-дан 82 келіге дейін) жеңімпаз атағына 480 балуан таласты. Жалпы облыстың жетекші спорт мектептерінде 56 жасөспірім балуан бар. Олардың көбі – Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары.
    Жарыс қорытындысында өз салмақ дәрежелері бойынша үздіктер кубок, медаль, диплом және ақшалай сертификаттарға ие болды. Атап айтсақ, 1-орынға – 150 000 теңге, 2-орынға – 100 000 теңге, 3-орынға 70 000 теңге берілді.
    Үш күндік белдесуде 36 мықты анықталды, соның ішінде Іле ауданының балуаны Жалғас Намаз 82 келі салмақта 3-орынды иеленді. Ал командалық есеп бойынша Түркістан – алғашқы орын, Астана қаласы – екінші, Алматы қаласы үшінші орын тұғырынан көрінді.
    Қазақ күресінен республикалық турнир жыл аяғына дейін жалғасатын болады.

    Бағдат Шойбасов

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    4 months ago
    Жылыту маусымы: Қызыл жалын қайдан шығады?

    Жылыту маусымы: Қызыл жалын қайдан шығады?

    4 months ago
    Жолға жауапты мамандар арнайы оқытудан өтті

    Жолға жауапты мамандар арнайы оқытудан өтті

    1 year ago
    Сайлау құқығына қатысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

    Сайлау құқығына қатысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

    2 years ago
    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>