⛅
-1°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерлер ардақталды

    03.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ардагерлер ардақталды
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

      Кеген ауданында көпті көрген асыл қарттарға айрықша құрмет көрсетілді. Өңірдің еңбек ардагерлері мен зейнеткерлеріне арнап жеңілдікпен медициналық қызмет көрсету шарасы ұйымдастырылды. Биыл Кегенде жалпы отыздан астам зейнеткер шипажайларда тегін ем алуға жіберілсе, он ардагерге Қарттар күніне орай «Жаркент-Арасан» медициналық сауықтыру кешеніне жолдама берілді. Мұндай мүмкіндікті сыйлаған аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевқа қариялардың айтар алғысы шексіз.

    Шипажайға жолдама алған 69 жастағы зейнеткер Бақытгүл Көнеева: «Жаркент-Арасан» кеше­ніне жеткенімізде шипажай қызмет­керлері бізді жылы қарсы алды. Төрт мезгіл тамақ берілді, мұнда ем қабылдаушыларға айрықша көңіл бөлінеді екен. Мұнда алты күн ем қабылдадық. Маған ұнағаны – саз балшықпен емдеу. Оның буын аурулары мен суық тигенге тигізер пайдасы мол», – деп әсерімен
    бөлісті.
    Зейнетке шықса да, қоғамдық жұмыстан қол үзбей, ауданның өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген қариялар айрықша қамқорлықты сезініп, ризашылығын білдіруде. Бұл ретте зейнеткер Досымхан Бидайбекова: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші, Нұрбақыт баламыздың еңбегі жансын! Ауданымыз биіктен көрініп, жақсы істің жаршысы бола беруіне тілектеспіз!» – деді.
    Шипажайға барған ақ жаулықты аналарымыз Бақытгүл Көнеева, Құралгүл Көбенбаева, Нұргүл Қызайбекова, Роза Батырханова, Науша Сасықова, Бақытгүл Байбатшаева емдерін ала жүріп, «Әжелер» тобын құрып, онда өткізілген «Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты мәдени шараға қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. Ал Есбол Рысбаев, Ермек Құрманғалиев, Мақатай Елжанов сынды ақсақалдарымыз волейболдан өткен спорттық жарыста жеңімпаз атанып, медициналық сауықтыру кешенінің Мақтау қағазымен марапатталды.
    Қариялардың қоғамдық мәселелерге атсалысуда, жастарды тәрбиелеуде алар орны айрықша. Ардагерлер кейінгілерге жол көрсетіп, аудан мәртебесінің жоғары болуына өз үлестерін қоса бермек.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Әр көлікте өткеннің белгісі бар

    Әр көлікте өткеннің белгісі бар

    2 years ago
    Самсыға көгілдір отын келді

    Самсыға көгілдір отын келді

    2 years ago
    Тәртіп – баршаға ортақ

    Тәртіп – баршаға ортақ

    1 year ago
    Науқас сырқаты ерте анықталады

    Науқас сырқаты ерте анықталады

    2 years ago
    Елдік пен ерлік рухы

    Елдік пен ерлік рухы

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>