Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары С.Шалқаров мәлімдеді. Оның сөзінше, қылмысқа күдікті барлық адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
“Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу топ жұмыс атқаруда. Барлық жиналған дәлелдер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттелуде. Қазіргі уақытта жеті адамның қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа тұлғалардың қатыстылығын анықтау үшін тергеу шеңберінде тексеру жүргізілуде. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілетін болады. Қайтыс болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабардар етуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді” деді Полиция департаменті басшысының орынбасары.