☀️
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Классикке арналған кеш

    17.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Классикке арналған кеш
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

          Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Алматыдағы Қазақ ұлттық кітапханада «Бердібектің биігі» атты әдеби-сазды кеш өтті. 15 қазан – жазушының туған күнінде ұйымдастырылған шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, әдебиет пен өнер қайраткерлері, оқырмандар қауымы қатысты.

    Кеш қонақтары 50 жыл бұрын таспаланған, «Шалқар» радиосының алтын қорында сақталған Бердібек ­Соқпақбаевтың дауысын тыңдап, ерекше сезімге бөленді. Онда қаламгердің: «Балаларым, кітапты сүйіңдер! Кітап – сендердің ең үлкен ұстаздарың. Кітап оқысаңдар көкірек көздерің ашылады», – деген өсиет сөзі бар. Қаламгер үні қолдарынан телефоны түспейтін бүгінгі жас ұрпаққа да көп нәрсені ескертіп тұрғандай сезілді.
    Әдеби шараның тізгінін белгілі журналист, ақын Бақыт Жағыпарұлы ұстады. Сөз кезегін алған ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев классикке арналған салтанат Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де өз жалғасын тауып жатқанын тілге тиек етті.
    – Түркияның Стамбұл қаласында ­Бердібектің мерейтойы өтуде. ­Қараша айында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде жүз жылдығы аталады. Мен өткен аптада Бакуге барып, онда ұйымдастырылған үлкен кешке қатысып қайттым. Аталған игі шарада ­Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасы» тұңғыш рет әзербайжан тілінде сөйледі, – дей келе, Ұлттық кітапхана қорына Бакуден әкелінген сол кітапты сыйға тартты.
    Бұдан кейін Бердібектің шығармаларын қастерлеп өскен қаламгерлер – ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекен Ыбырайым, Қазақстан Жазушылар одағы балалар әдебиеті секциясының жетекшісі Нұрдәулет Ақыш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Мағлұмовтар ойларын ортаға салып, Бердібекке қатысты әсерлі естеліктерімен бөлісті.
    «Оқырманның жүрегіне жол тапқан жазушы – дүниедегі ең бақытты жазушы. Классик деген сөзді екінің біріне телу жараса бермейді. Бұл теңеу Бердібек сияқты ешкімді қайталамаған, әдебиетте өзінің дара жолын қалыптастырған жазушыларға тән», – деді Нұрлан Оразалин.
    Жиын барысында Алматы облысы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен жарық көрген жазушының таңдамалы жинағы, кезінде «Балдырған» журналына шыққан шығармалары топтастырылған «Ағасы мен қарындасы» атты кітабы және ҚР ұлттық кітапханасы дайындаған ­«Бердібек Соқпақбаев (1924-1991)» библиографиялық көрсеткіші көпшілікке таныстырылды.
    Кеште ән әуелеп, күй шалқыды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ­Сұлушаш Нұрмағамбетова, қаламгер туған өңірден келген Райымбек аудандық Мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетті. Студенттер мен мектеп оқушылары ­Соқпақбаев шығармаларынан үзінді оқыды.
    Аталған шараны ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы облыстық әмбебап кітапханасы, республикалық «Балдырған» журналы, «Қазақ» және «Шалқар» радиолары ұйымдастырды.

    Болат Батықұлы

    Ұсынымдар

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    1 year ago
    45 күн қалды: Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

    45 күн қалды: Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

    1 year ago
    Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    Ескеретін жайлар баршылық. Облыс әкімінің Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуі қалай өтті?

    3 years ago
    ЖАҢА МЕКТЕП – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

    ЖАҢА МЕКТЕП – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

    3 months ago
    Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары қалпына келу үшін eGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім бере алады

    Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары қалпына келу үшін eGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім бере алады

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>