⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Айтыста топ жарды

    17.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Айтыста топ жарды
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

          Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында өткен оқушылар арасындағы республикалық «Ұстаздық еткен жалықпас» атты айтыста қарасайлық жас ақын Рауан Нұршабеков бас жүлдені қанжығасына байлады. Дүбірлі дода танымал ақын әрі композитор, ­Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Асығат ­Тұрғанбеков жетекшілік ететін «Желдірме» ақындар мектебінің құрылғанына 20 жыл толуына арналды.

    Ғалым Жайлыбай, Жарқынбек ­Амантай, Бейбіт Бөжен, Аспанбек ­Шұғатай және Қуанышбек Шарманов сынды елімізге белгілі қаламгерлер қазылық еткен ақындар айтысында еліміздің әр шалғайынан іріктеліп шыққан 12 оқушы шеберліктерін сынасты. Бұл ретте 7-11-сынып аралығында оқитын талапкерлер жастығына қарамастан, тамаша айтыс көрсете білгенін атап айту керек. Олардың әрқайсысы сөз бен саз өнеріне таласы бар екенін аңғарта отырып, тапқырлық пен ой жүйріктігін жиылған қауымға паш етті. Айтыскерлердің әрқайсысы да озық өнер көрсеткенімен, қазылар алқасының мүшелері Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылында орналасқан Б.Қосынов атындағы орта мектептің оқушысы, дарынымен ерекшеленген Рауан Нұршабековтің өнеріне жоғары баға берді. Осылайша, қарасайлық жас талапкер айтыстың бас жүлдесі мен 300 мың теңгелік сертификаттың иегері атанды.
    Астаналық Айғаным Мақсұтхан бірінші орынға көтерілсе, Қостанайдан келген Нұрислам Рағат пен павлодарлық Мейіржан Баршынбай екінші жүлдені қанжығаларына байлады. Ал үшінші орын алматылық Ерасыл Сейітжан, қызылордалық Еламан Кенжеш және ақмолалық Сәттібек Серікболатұлының еншісіне бұйырды.
    Оқушылар арасында өткен республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері атанған Рауан Нұршабеков Қарасай аудандық Мәдениет үйіндегі жыршы-термешілер мектебінде тәлім алып жүргенін атап айту керек. Оларға ақын Аяулым Дүйсекенова дәріс беріп, ұлттық өнеріміздің қыр-сырын үйретуде. Былтыр облыс әкімінің қолдауымен ашылған мектеп өңірдегі дарынды балаларға тегін қызмет көрсетіп келеді. Бұл мектептен әлі талай талапты, талантты балалардың тәрбиеленіп шығары хақ.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда

    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда

    1 year ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    Алматы облысының бірнеше ауданында салық мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетілді

    3 weeks ago
    Қонаевта жас ақындар айтысы өтеді

    Қонаевта жас ақындар айтысы өтеді

    2 years ago
    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    2 years ago
    Назар жетіспейді: Сенатор Жөргенбаев шалғай аудан әкімдерін Астанаға не үшін шақырған?

    Назар жетіспейді: Сенатор Жөргенбаев шалғай аудан әкімдерін Астанаға не үшін шақырған?

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>