Перейти к содержимому
Главная страница » Ту – тұғырың!

Ту – тұғырың!

      Есік қаласында Мем­лекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Рухты асқақ­татар бұл рәсім көптің көңі­лін көтеріп, жас­тардың бойындағы ел мен жерге деген сүйіс­пеншілік сезімін нығайта түсті.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, мәслихат депутаттары, жергілікті әскери гарнизонның, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым және аудан тұрғындары қатысты. Бір Тудың астында бірігіп, бір мақсат-мүддеге бірге талпынған этнос өкілдері де мемлекеттік мерекенің мазмұнын арттыруға атсалысты. Татулықты, бере­ке мен бірлікті биік қойған біртұтас ел ретінде осы маңызды күнді бірге атап өтуді мақсат етті. Қолдағы жалауларын желбірете мерекеге жиналған қауым патриоттық әндерді бірге шырқады.
Аудан тұрғындары мен қонақтарын осынау айтулы күнмен құттықтаған Нұржан Кеңесұлы: «Құрметті жерлес­тер, баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемен­дік туралы декларация қабыл­данып, тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды. Осыдан бергі уақыт ішінде Қазақстан қуатты, тұрақты мемлекетке айналды. Бірлік пен келісім – біздің басты бай­лығымыз. Қоғамдық келісімді сақ­тай отырып, біз жетістіктерімізді арт­тырып, жарқын болашақты қамта­масыз етеміз. Ту көтеру рәсімі – ұлттық рух пен патриотизмнің белгісі. Туымыз әрқашан биікте желбірей берсін!» – деп ізгі тілегін білдірді.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, Мемлекеттік Ту биік­ке көтерілді. Халықтың бірлігі мен тұтас­тығының, ел тәуелсіздігінің белгі­сі болған байрағымыз көк аспанда бей­біт күннің хабаршысы болып желбірей берсін!

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Еңбекшіқазақ ауданы