-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастарға жол көрсетті

    21.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жастарға жол көрсетті
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Аға буынның жас ұрпаққа жол көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыруы – тәрбие негізінің бір бөлшегі. Осыны ескерген ­Еңбекшіқазақ ауданы ­Алмалы ауылындағы ­И.Шорманов атындағы орта мектеп ұжымы оқушылары үшін тағылымды кездесу ұйымдастырды. Өнерде де, өмірде де аға мен бауыр болып сыйласып, шығармашылықта бірін-бірі толықтырып жүрген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шаяхмет ­Құсайынұлы мен Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер, аталған мектептің ардагер ұстазы ­Мейрамбай ­Бектасовты қонаққа ­шақырды.

    Кездесу шымылдығы «Еңбекшіқазақ вальсі» әнімен ашылды. Бұл – Шаяхмет Құсайынұлы мен Мейрамбай Бектасовтың ортақ шығармасы. Өздері өсіп-өніп, қанат жайған өлкесіне арнап жазған алғыстары. Бүгінде аудан гимні саналатын бұл туынды өңірдегі үлкен іс-шаралардың барлығында дерлік шырқалады. Өнер иелері бұдан бөлек «Алғашқы махаббатым», «Аға мен іні», «Жырлаймын сені», «Көктөбе – Қызылжарым», «Құрдастарым» сынды он шақты шығарманы бірлесе жазған. Кеш барысында мектеп оқушылары сол әндерді нақышына келтіре орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    – Мейрамбай Досмаханұлы ­Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келіп, Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың «Музыка және ән» факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1977 жылы мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1995 жылы ­Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылына қоныс аударады. Алмалы және Түрген ауылдарында Мәдениет үйінің директоры болады. Кейін бала оқытуды қайта қолға алып, ­И.Шорманов атындағы орта мектепке орналасады. Зейнет демалысына дейінгі он бес жылын осы оқу орнына арнап, талай таланттың шыңдалуына өз үлесін қосты.
    Кездесуге Мейрамбай ағайдың шәкірттері де арнайы келіп, мұғалім мерейін өсірді. Мектептің шағын залында алғаш ән айтқан кешегі оқушылар бүгінде үлкен сахналарда көрерменнің құлақ құрышын қандырып, көптің көзайымына айналып жүргені ұстаздарының еңбегі екенін айтып, оларды бір марқайтты.
    «Аға мен бауыр арасындағы құрмет пен сыйластықты, шығармашылық үндестікті жас ұрпаққа үлгі ете отырып, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын жеткізгім келді», – деген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағатхан Қоңырбаева бұл міндетті ойдағыдай орындады.
    Аталған шарада ұстаздар мен оқушылар қонақтармен емен-жарқын әңгімелесіп, сұрақтарына тұшымды жауап алды. Қаламгер Шаяхмет Құсайынұлы мақсат қою, табандылық, ерік-жігер жайында кеңінен сөз қозғады. Мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Айжан Талқамбаева келген қонақтарға алғыс білдіріп, мұндай кездесулер ертең ел тізгінін ұстайтын жастардың рухани бай, елі мен жерін сүйер нағыз азамат болып өсуінде үлкен маңызға ие екенін айтты.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Бітіру кешін жайдары өткізу түлектердің өз қолында

    Бітіру кешін жайдары өткізу түлектердің өз қолында

    2 years ago
    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 593 өтінім мақұлданды

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 593 өтінім мақұлданды

    2 years ago
    Бірлескен іс нәтижелі

    Бірлескен іс нәтижелі

    1 year ago
    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    Алматы облысының өрт сөндірушілері Абай облысынан қайтты

    2 years ago
    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>