⛅
16°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Президент алғысына бөленді

    06.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы
    Президент алғысына бөленді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Облыс әкімдігінде талғарлық жас талант Жомарт Оспаналыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құнды сыйлық табыс етіліп, ізгі тілек жолданды. Осыған орай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жомартпен арнайы кездесіп, оның шығармашылығына жоғары баға берді.

          Президенттің алғысына бөленген  дарынды ұл кішкентай кезінен домбыраны жанына серік етеді. Мемлекет басшысына жазған хатында ол өнері туралы сөз қозғап, домбыра үйірмесіне қатысып, республикалық, халықаралық түрлі байқаулардан бас бәйге алғанын жеткізген. Шығармашылық шабытының шарықтауына өзі тәлім алатын домбыра үйірмесінің үлкен үлес қосқанын, соның арқасында шетелге дейін шығып бойындағы өнерімен өзгелерді тамсандырғанын да айтқан. 16 жастағы таланты, жалынды, қабілеті қарымды Жомарттың жазған хаты Мемлекет басшысының назарына ілігіп, жас дарынның шығармашылығы жоғары бағаланған. Түрлі өнер додаларында топ жарып жүрген Жомарттың шығармашылығы әлеуметтік желілерде де жарияланып, тыңдарманның оң бағасын алған. Күй тартқандағы керемет шеберлігі көпшілікті елітіп қана қоймай, болашағынан үлкен үміт күттіретін өнер иесі екенін аңғартады.

    Кездесу барысында Марат Елеусізұлы Жомартқа Мемлекет басшысының ізгі тілегі мен құттықтауын жолдап, Президенттің атынан құнды сыйлықты тарту етті. Облыс басшысы ел мәдениетінің дамуына айрықша үлес қосып жүрген жастар мемлекетіміздің мақтанышы екенін айтып, біліммен қоса өнерге де ықыласы ауған балалардың болашағы зор екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Жомарттай жас таланттың қабілеті өз замандастарына үлгі екенін жеткізіп, Президенттің ыстық ықыласына ие болған өреннің өмір жолы жеңісті болуын тіледі.

    Өз кезегінде Жомарт Оспаналы 6 жыл қатарынан домбыра үйірмесіне үздіксіз барып жүргенін, келешекте күй өнерінің майталманы болғысы келетінін айтты. Сондай-ақ тәуекел етіп өзі жазған хаттың елеусіз қалмайтынына сенгенін, Президенттің қолдауы өмірлік бағытын айқындап бергенін жасырмады. Көпшіліктің  ыстық ықыласы өзі сияқты жастарды шабыттандырып қана қоймай, биік белеске жетелейтінін алға тартты. Мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізген облыс әкіміне де алғысын айтып, сенім биігінен көрінуге тырысатынын жеткізді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    3 years ago
    марат

    Облыс әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    2 years ago
    Шекара шебінде

    Шекара шебінде

    1 week ago
    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    2 years ago
    Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

    Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>