⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Үздік жастар марапатталды

    14.12.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар
    Үздік жастар марапатталды
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Бір топ жалынды жасқа облыс әкімінің «Заңғар» сыйлығы табысталды. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен салтанатты шарада облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.

    Ең алдымен облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов «Заңғар – 2024» сыйлығы өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына белсене атсалысып жүрген жастарға берілгенін атап өтті. Байқаудың негізгі міндеттері қатаң қаралып, нақты қойылған талаптар тиянақты пысықталғанын жеткізді.

    Марапаттау салтанатында сөз алған облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев аймақ жастарының облыс экономикасының қарқынды қадам басуына серпін беретін үлкен күш екенін тілге тиек етті.

    – Мемлекеттік саясаттың басым бағыттары – жастардың сапалы білім алуына, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасап, оларды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету. Бүгінде жастар арасында қылмыс деңгейін төмендету, тәлім-тәрбие беру бағытында кешенді жұмыстаржүріп жатыр. «Алатау жастары» тұрғын-үй бағдарламасы өз жалғасын табуда. Жастардың бизнес, ғылым, ақпараттық технологиялар, медиа, мәдениет салаларындағы бастамаларын қолдау мақсатында көптеген жоба іске асуда. Біз үшін жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші саналады. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Егемен еліміз сіздермен бірге зор табысқа жете берсін, – дей келе, жастардың еңбекқорлығы мен ынтасын жоғары бағалап, әр салада үздік шыққандарға табыс тіледі.

    Шара соңында «Үздік жас мемлекеттік қызметші», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік студент», «Үздік волонтер», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік жас журналист» «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» аталымдары бойынша марапатталған жастарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Оның ішінде, әріптесіміз, «Жетісу» телеарнасынан Ақбота Оралқызы мен «Аlataunews.kz» сайтының тілшісі Мөлдір Иманмәди «Үздік жас журналист» аталымына ие болды. Еңбегі еленген жастар өз ойларын ортаға салды.

    – Әрине, дәрігер болу оңай емес. Өйткені қателесуге хақың жоқ. Күн сайын алдыңа сан түрлі адам келеді. Олардың әрқайсысына жылы қабақ танытып, шағымдарын мұқият тыңдауың керек. Өзім еңбек еткен ауылдағы адамдарға барынша көмек көрсетіп келемін. Бүгінгі жетістікті сол еңбектің жемісі деп білемін, – дейді Талғар ауданындағы Қайнар ауылдық округінің дәрігері Бағдагүл Садықова.

    Ерзат АСЫЛ,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Балалар қауіпсіздігі мен су айдындарындағы тәртіп – бақылауда

    Балалар қауіпсіздігі мен су айдындарындағы тәртіп – бақылауда

    4 months ago
    Қарқарадағы қымыз мерекесі

    Қарқарадағы қымыз мерекесі

    4 months ago
    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу таяуда аяқталады – Прокуратура

    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу аяқталды

    9 months ago
    “Қонаев қаласы мәдениет пен өнердің ордасына айналуы керек”

    “Қонаев қаласы мәдениет пен өнердің ордасына айналуы керек”

    3 years ago
    Алматы облысында 5 адам өрттен құтқарылды

    Алматы облысында 5 адам өрттен құтқарылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>