-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    САПАЛЫ БІЛІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

    31.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    АЛҒАШҚЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Сыныптай сырғыған уақыт тағы бір жылды тарих еншісіне қалдырып, жаңа жылдың табалдырықты аттар сәті де келіп жетті. Осы орайда жылды табысты қорытындылап отырған білім беру саласының тың жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жемісті жұмысына,  мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарған ілкімді істері мен жарқын жетістіктеріне тоқталып өтпекпіз.

    Мектеп жасына дейінгі балаға берілген білім мен тәрбие оның болашақ өміріне әсер ететіні анық. Бұл тұрғыда облыста 101  мемлекеттік, 992 жекеменшік,  72  мектеп жанындағы және 3 жекеменшік шағын орталық жұмыс істеуде. Биыл 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту 93,7 пайызды құрады. Аталған мекемелерде мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында  цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп, биометриялық жүйені енгізу жұмысы қолға алынды. Бүгінде мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар 100 пайыз, жекеменшік ұйымдар 97,5 пайыз QR-код жүйесіне өтті. 2025 жылдың шілдесінде Қонаев қаласындағы 7 мемлекеттік,  11 жекеменшік балабақшаны ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаға көшіру жоспарланған. Қазіргі кезде Қонаев қаласында 525 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Жоба «Gu.almobl kz» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілмек.

    2024-2025 оқу жылында барлық 479 үлгідегі мектепте 367325 бала білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 173 оқушыға артық. Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ ауданында 4, Жамбыл ауданында 6,  Қарасай ауданында 3, Іле ауданында 19, Талғар ауданында 6 мектеп үшауысымда жұмыс істейді. Үшауысымда оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 53 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 26 нысанның құрылысы жүргізілді.  Мектеп салу ісіне жеке инвесторлар да тартылуда.  19 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж, 1 өнер мектебі, 1 мектеп жанындағы интернаттың жөндеу жұмысы жүргізілуде

    Қазіргі уақытта мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде  33349 мұғалім өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатуда. 7814 педагог пәндік құзыреттілік бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жаңа оқу  жылында 2009 педагог қабылданды, оның 772-сі – жас маман. Үкіметтің  №390 қаулысымен бекітілген арнайы бағдарламаға сәйкес басқа өңірлерден 27 педагог тартылып, жұмысқа орналастырылды.

    Білім сапасын көтеру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен Жол картасы әзірленді. Соның аясында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, «50 табысты мектеп» жобасы қолға алынған.  Аталған бағытқа жергілікті бюджеттен 756 млн теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде білім сапасы 1,6 пайызға артып отыр. Дамуы жоқ білімнің ұзаққа бармайтынын жақсы түсінген 3817 мұғалім, 50 директор  біліктілікті арттыру курсы мен кешенді оқыту жұмысына қатысты. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоры арқылы 1,5 млрд теңгеге 50 мектептің 150 кабинеті жабдықталды.

    Жалпыға бірдей білім беру қорынан 11 млрд 859 млн теңге қаржы бөлініп,  оның 2 млрд 473,1 млн теңгесі 56 974 түрлі санаттағы  білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарының есепшотына аударылды. 433 мектептің 369-ында типтік асхана жұмыс істейді. Әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық бастауыш 1-4 сыныптардағы 143 492 оқушы толық ыстық тамақпен қамтылды. Үкімет қаулысына сәйкес, қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты есебінен білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа 5-11 сыныптардағы 34404 оқушыға ыстық тамақ беріледі. 36 асханасы жоқ бейімделген шағын жинақталған мектептерде 6648 оқушыға буфеттік тамақ, 23 бейімделген асханасы жоқ бастауыш мектепте 937 оқушыға ыстық тамақ тасымал арқылы ұйымдастырылуда.

    Тасымалдаумен қамтылған оқушы саны – 37490. Балаларды тасымалдайтын 284 автобустың мектеп теңгеріміндегісі –  99. Сонымен бірге 30 автобустың тозығы жеткен, 94 автобусқа қажеттілік бар.

    Білім беру ұйымдарында 14869 цифрлық және 12122 аналогтық бейне бақылау камералары орнатылған. 371 білім беру мекемесі  жедел басқару орталықтарына және полиция басқармасының кезекші бөлімдеріне қосылған. Жазғы демалыс орындарында, саябақтарда, алаңдарда, аула клубтарында, балалардың ойын алаңдарындағы қауіпсізік мәселесі қатаң бақылауға алынған. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу  мақсатында облыстық білім басқармасы тарапынан ұсынылған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Дағдарысты басқару» жобаларын іске асыру мақсатында полиция департаментімен, өңірлік бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бірлескен жол картасы бекітіліп, «Жанұя отбасын қолдау» қоғамдық бірлестігімен меморандум жасалды.

    Оқушы жетістігінің бір көрінісі – түрлі байқауда жүлделі орындарды иеленуі. Білім бәсекесінде тек шын мықтылардың топ жаратыны бесенеден белгілі. Осы орайда 200 оқушы республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс командасы 1-орынға шықты. Халықаралық деңгейде «Дана» жекеменшік мектебінен Жәңгір Илжанов пен «Арыстан» мамандандырылған лицейінен Әбдікеш Мирас жеңімпаз атанып,  облыс абыройын асқақтатты.

    Осылайша білім саласы жылды табысты қорытындылап отыр. Алдағы жылға да жоспарланған іс көп. Мұның бәрі өскелең ұрпаққа сапалы білім мен  тағылымды тәрбие берудегі нақты қадам екені даусыз.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Ауыл халқы азайып барады…

    Ауыл халқы азайып барады…

    2 years ago
    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    6 months ago
    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    1 year ago
    Болашақ үшін таңдау жасадым

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    7 months ago
    Ардагерлер құрметке бөленді

    Ардагерлер құрметке бөленді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.