☀️
11°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кітапхана филиалы ашылды

    11.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кітапхана филиалы ашылды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек», – деген болатын.

    Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Алатау қаласында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. 2011 жылы ашылған Жетіген ауылдық кітапханасы былтыр шілде айында Алатау қалалық кітапханасы болып қайта жасақталды. Содан кейін жаңа қаланың «Арна» шағынауданында қалалық кітапхананың филиалы жұмысын бастаған еді. Жақында «Заречный» шағынауданында екінші филиал оқырманға есігін айқара ашты.
    Кітапхананың салтанатты ашылу рәсімінде шағынауданның ақсақалы Балтабай Жұмаділов ақ батасын берді. Алатау қаласы әкімінің орынбасары Гүлбану Несіпбаева мен қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Бибігүл Шәйкенқызы жаңа руханият ордасының лентасын қиды.
    – Саналы ғұмырында 800-ден астам шығарма жазған америкалық жазушы Рэй Брэдбери «Кітапханалар болмаса не болар еді?» деген сұраққа: «Өткеніміз де, келешегіміз де болмас еді», – деп жауап берген екен. Сондықтан қазіргідей өскелең ұрпақты кітап оқуға бет бұрғызу үшін кітапханалардың атқаратын қызметі зор.
    «Заречный» шағынауданындағы бұрынғы ауыл әкімдігінің ғимаратында тағы бір филиал жұмысын бастап отыр. Кітап қоры 7 мыңды құрайтын филиал жанынан келешекте оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында клубтар құру, «Парасат жолы» орталығының бұрышын ашу, іс-шара өткізу жоспарланып отыр. «Көш жүре түзеледі» демекші, алдағы уақытта кітапхана филиалына жеке ғимарат берілетініне сеніміміз кәміл. Өйткені 2050 жылға қарай Алатау қаласы халқының саны 2 млн-ға жуықтап, Алматы қаласымен бірге көпорталықты агломерациялық жүйе құра отырып, еліміздің ең ірі экономикалық орталықтарының біріне айналмақ. Осындай болашағы зор қаланың шағынаудан тұрғындарына кітап ұсынып қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарып, рухани байлықты байланыстыратын алтын көпір қызметін атқаратын боламыз, – деді филиал директоры Әнел Серікқызы.
    «Заречный» шағынауданында ашылған қалалық кітапхана филиалының қызметкерлеріне кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    Полиция азаматтық ала алмаған қандастар мәселесіне жауап берді

    2 years ago
    Сұранысқа ие сүт өнімі

    Сұранысқа ие сүт өнімі

    8 months ago
    Алматы облысы аумағында ондаған көлік соқтығысып қалды

    Алматы облысы аумағында ондаған көлік соқтығысып қалды

    10 months ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Инвестиция тартуда алдыңғы қатарда

    2 years ago
    Өрт ошағы бақылауда

    Өрт ошағы бақылауда

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>