-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерлер бас қосты

    19.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ардагерлер бас қосты
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Отан алдындағы әскери борышы Ауғанстан жеріндегі қанды майданмен тоқайласқан Аспантау өңірінің бір топ азаматтары жыл сайын ақпан айында аудан орталығында бас қосатыны бар. Туған жерінде бейбітшілік болса да маңдайларына жат елдегі соғыстың дәмін тату бұйырған ардагерлер бұл күні бастарынан өткен сұрапыл сәттерді, майдан өтінде шейіт кеткен қаруластарын еске алады. Оқ пен оттың арасындағы өмір мен өлімнің айқасын көз алдарынан өткізе отырып, өздерімен кездесуге келген жас ұрпаққа тебірене әңімелейді. Бойларына патриоттық рух ұялатып, жүректеріне сүйіспеншілік, бауырмалдық, батылдық, адами құндылыққа тән басқа да қасиеттерді сіңіре білуге шақырады.

    Аудан әкімдігі, ішкі саясат бөлімі, ақсақалдар кеңесі бірлесе ұйымдастырған кездесуге Ауған соғысы ардагерлерімен қатар Тәжік-Ауған, Таулы Қарабақ қарулы қақтығыстарына қатысушылар, Семей ядролық полигоны мен Чернобыль апатын жоюға атсалысқандар, білім ошақтарының жоғары сыныбында оқитын жасөспірімдер қатысты.
    Осыдан 46 жыл бұрын, яғни 1979 жылдың 12 желтоқсанында басталып, 1989 жылдың 15 ақпанында Ауған жерінен қайта шыққан 10 жыл аралығындағы соғысқа Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, олардың 761-і қаза тапқан екен. 379-ы мүгедек болып оралса, 21 адам хабар-ошарсыз кетіпті. Туған жеріне аман-есен оралғандар бейбіт еңбекке араласып, елі мен жерін түлетуге, мемлекеттің экономикасын көтеруге атсалысты. Бүгінгі кездесуге келіп отырғандардың бәрі де сондай азаматтар.
    Кездесуде алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жанарбек Жақсылық ардагерлерге ақжарма тілегін арнады.
    – Құрметті Ауған соғысының ардагерлері! Ауданымыздың ардақты азаматтары! Біздің бүгін кеңбайтақ жерде мамыражай тірлік кешіп жатқанымыз – ата-бабаларымыздың елі мен жерін қорғаудағы батырлығының жемісі. Солардың ерлік рухын жалғастырған әкелеріміз, аға-бауырларымыз Отан қорғауды, еліміздің тыныштығын күзетуді абыройлы борыш санады. Соның айқын көрінісі бүгінгі басқосуға қатысып отырған Ауған соғысының ардагерлері – өздеріңіз. Бүгінгі жастар өздеріңізбен кездесіп, патриоттық рух дегеннің қандай қадір-қасиетке ие екенін, Отан сүю деген ұғымның абыройлы борыш саналатынын сезінетіні анық. Сіздердің ерлікке баланған өнегелі істеріңіз жастарға қанат бітіріп, ата-бабадан жалғасып келе жатқан абыройлы борышқа лайықты үн қосатынына, Отан алдындағы азаматтық борыштарын адал атқаратынына сеніміміз нық, – деген аудан әкімінің орынбасары кездесудің басты кейіпкерлеріне мықты денсаулық, елдің амандығын, береке-бірліктің бүтіндігін, заманның тыныштығын тіледі. Ауған соғысының Айдын Тұңғатаров, Қайрат Болатбеков, Нұркелді Жұмаділов, Еркін Тастанов, Азамат Абиыров, Берік Қасымханов секілді ардагерлеріне Райымбек ауданы әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекболат Бірбаев, Ауған соғысының ардагері Азамат Абиыров, Семей ядролық полигонының ардагері Нұрлыбай Мүсәпіров, Чернобыль ардагері Берік Сыдықов сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдірді.
    Ауданда екі-үш жылдан бері Ауған, Тәжік-Ауған, Таулы Қарабақ, Семей ядролық полигоны, Чернобыль ардагерлерінің басын біріктірген ардагерлердің қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Кездесу барысында бірлестік төрағасы Берік Сыдықов Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарды ардагерлер қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапаттады.
    Шараға жиналғандар «Ерке-Нұр» бишілерінің, Санжар Қабдіхалық, Гүлзира Қуандыққызы сияқты әншілердің өнерлерін тамашалады. Білім ошақтарынан келген болашақ Отан қорғаушылар – «Жас Ұланның» әскери дайындық ойындары да шараның мән-маңызын арттыра түсті.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Балаларға базарлық

    Балаларға базарлық

    2 weeks ago
    Волейбол бәсекесі

    Волейбол бәсекесі

    6 months ago
    Тиімділігі зор жоба

    Тиімділігі зор жоба

    8 months ago
    Тартысты сайыс

    Тартысты сайыс

    1 year ago
    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>