-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

    24.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны мемлекеттік тіл мәселесін де дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.

    Бұл бағытта Кулзира Сейтбекқызы басшылық ететін Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Алматы облыстық филиалы қазақ тілінің дамуы мен қолданыс аясын кеңейту мақсатында белсенді қызмет атқарып келеді. Филиал облыс аумағында тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастырады.

    Аталған филиалдың негізгі қызметінің бірі – тілдік білім беру және әдістемелік қолдау көрсету. Облысымыздағы аудандар, ондағы ірі кәсіпорындар мен мекемелерде қазақ тілінің заң аясында қолданылуын қадағалай отырып, әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Оған филиал мүшелерінің әр саладағы мекемелер, мейрамханалар, кафе, асханалар, түрлі деңгейдегі сауда орталықтары мен дүкендердің маңдайшаларындағы жазбалар, сол мекеменің жұмысына қатысты жазбалар мен мақсатты жарнамалардың, көше, жол бойындағы ақпараттық материалдардың мемлекеттік тілде жүргізілутәртібін бірнеше мәрте қайталап қадағалап, әдістемелік көмек көрсеткенін жатқызуға болады.

    Қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында Филиал облыс тұрғындары арасында қазақ тілінің маңыздылығын арттыруға бағытталған ақпараттық науқандар мен байқаулар ұйымдастырады.

    Сонымен бірге, ғылыми-зерттеужұмыстары да назардан тыс қалмайды. Филиал қазақтілінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізеді. Атап айтсақ «Жалпы орта білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің жүргізілу деңгейін арттыру» атты облыс мұғалімдеріне арналған үлкен семинар өтті.Мұғалімдердің жұмыстарына жеңілдік беретін Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл білім» институты, Сулеймен Демирел университетінен ғалымдар баяндама оқып, үлгі сабақтар көрсетілді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету. Бұл мәселе бойынша арнайы топ құрылып, орыс тілді сыныптардағы пәннің оқытылу жағдайы зерделеніп, әдістемелік көмек көрсетілді. Осы бағытта 2024 жылы 23 қазан күні Қаскелең қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық Тіл форумы өткізілді.Оған облысымыздың мектептеріндегі қазақ, орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытатын мұғалімдер, ЖОО профессор-оқытушылары, қосымша білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары, тіл жанашырлары, қоғам белсенділері мен журналистер, жалпы саны 300-ден аса адам қатысты. Форумды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы облыстық филиалы мен Алматы облысы Білім басқармасы бірлесе өткізді.  Бұл шаралар тіл мамандары мен зерттеушілердің тәжірибе алмасуына, тілдің дамуы мен қолданысына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

    «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің қоғамның барлық саласында қолданылуына, дамуына ынталы Қазақстан Республикасында және шетелдерде тұратын азаматтардың басын біріктіретін ерікті ұйым. Сондықтан филиал шетелдегі қазақ диаспорасымен де тығыз байланыс орнатып, олардың ана тілін сақтап, дамытуына қолдау көрсетеді. Атап айтар болсақ, филиал мүшелерінің Испания, Өзбекстан мемлекеттеріне сапарында ондағы қазақ диаспорасымен кездесіп, сұқбаттасып, ұлттық салт-дәстүреріміздің сақталуының куәсі болып қайтты. Бұл бағытта мәдени алмасу бағдарламалары, онлайн курстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

    Жалпы, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Алматы облыстық филиалы мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейту жолында маңызды жұмыстар атқаруда.

    Филиалдың бастамалары мен іс-шаралары қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға, ұлттық мәдениетті сақтап, насихаттауға және қоғамның тілдік санасын жаңғыртуға елеулі үлес қосуда.

    Сондай-ақ, тіл жанашырларының басқосуында «Қазақ тілі» қоғамының қызметі, болашақта атқарылатын іс-шаралар жоспары үздіксіз талқыланып отырады. Бұл –Қазақстанымыздың болашағына деген зор үміттің нышаны.

    Дания Коспаева,

    орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен

    әдебиеті пәні мұғалімі, шебер-педагог, қоғам мүшесі

    Ұсынымдар

    Әкелер ардақталды

    Әкелер ардақталды

    12 months ago
    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    1 month ago
    Алтайдың арғы жағы, бергі жағы

    Алтайдың арғы жағы, бергі жағы

    2 years ago
    Мәмілегер қала

    Мәмілегер қала

    2 years ago
    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>