-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақ жеріне күштеп қоныс аударған халықтардың тағдыры тарих беттерінде

    28.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Қазақ жеріне күштеп қоныс аударған халықтардың тағдыры тарих беттерінде

    Фото: assembly.kz

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Этникалық принцип бойынша бейбіт тұрғындарды күшпен депортациялау біздің қоғам тарихындағы ең қараңғы беттердің бірі болып табылады. Қазақтардың миллиондаған өмірін қиған 1930 жылдардағы ашаршылықтан аман қалған, Қазақстан КСРО партиясы мен Үкіметінің шешімі бойынша депортацияға ұшыраған көптеген халықтарды қабылдаған республика болды.

    Кеңес одағын мекендеген халықтардың қай – қайсысы болмасын Сталиндік зорлық-зомбылықтан, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.  Депортация – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден куылуы деп түсіну қажет.

    1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру – сталиндік куғын-сүргіннің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 3,2 миллион адамға жетті.

    КСРО-дағы күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды:

    . этностық белгілері бойынша депортация (жазаланған халықтар, шекараларды тазалау, сенімсіз халықтар);

    . әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулактарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);

    . саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді « еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

    Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Қазақстанға Орта және төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды.

    1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғанын Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды және қазақ жеріне 1935-1936 жылдары депортацияға ұшырағандар қатарында алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың алғашқылары 1937 жылдың күзінен бастап, 1938 жылдың көктеміне дейін жалғасты. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақ халқы құшағын жая қарсы алып, қолдан келген көмектерін көрсетті.70 корей ұжымшары Қазақстанның 8 облысына – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облысына орналастырылды. КСРО-ның ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран халықтары да ілікті. 1938 жылы қараша айында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзербайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. 1944 жылы қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б халықтар өздері армандап, қол жеткізген ұлттық автономияларынан айрылып, ата жұртынан көшуге мәжбүр болды. Аталған ұлт өкілдерін «фашистік басқыншылармен жақындасты» деген желеумен Солтүстік Қавказ түгелдей тазартылды. Көп жағдайда жаппай депортациялау өте қиын жағдайда өтті. Қазақстанның жергілікті билігі көптеген адамдарды қабылдауға және қоныстандыруға дайын емес еді. Қиын жағдайға қарамастан пейілі кең  қазақ елі бір нанды бөлісіп жеуге даяр еді. Осылайша, Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды.

    Алматы облысының мемлекеттік архивінде сақтауындағы құжаттардан, қиын тағдырмен өз отанынан елінен айдалып, тепкінің тезіне түскен өзге ұлт өкілдерінің өмірін көруге болады; № 685 қордың  тізімдеме 4, №196 ісінен Совнаркомның 15-ші маусым 1938ж қаулысына сәйкес жер аударылып келген корейліктерге үй құрылысы бойынша, бұл құжатта ауданнан түскен шағым жер аударылған корей ұлт өкілдеріне колхоз, совхоздан үй құрылысы үшін материалдардың жоқтығы. Құрылысты бастамаса корей халқы баспанасыз қалуы мүмкін делінген. Осы шағым бойынша Совнарком КСРО-ға осы жұмысты қадағалауды аудандық атқарушы комитетімен аудандық жер қатынастар бөліміне тапсырып, 15-ші тамыз айына дейін құрылыс жұмыстарын бітіруді тапсырды. Осы қордың №195 ісінде Қордай ауданына иран халқының 27-ші қарашада 1938 жылы станция Баладжардан 51047 эшелонынан Пішкек станциясына 301 отбасы, 1220 адам келіп түскені жайлы жазылған. Осындай өзге ұлт өкілдерінің Қазақ жеріне жер аударылғаны туралы мәліметтер көп кездеседі. Көп жағдайда жаппай депортациялау өте қиын жағдайда өтті.  Бұл мәліметтер депортациялаудың бірегейі ғана. Архив құжаттарынан XX ғасырдағы адам баласына жасалған зорлық-зомбылыққа ұшыраған қаншама тағдырлар сыр шертеді.

    Кеңестік өкіметтің құйтырқы саясатынан зардап шеккен халықтар 1954-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының өкілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды. Әр адамның өз отанынан артық ештеңе жоқ шығар деп ойлаймын.

    Құралай Бигашева,

    Қойма меңгерушісі: 

    Пайдаланылған әдебиеттер: АОМА 685 қор. 4 тізімдеме. № 195,196 істер

    Ұсынымдар

    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    2 years ago
    Есту қабілетін арттырады

    Есту қабілетін арттырады

    11 months ago
    Үміттерін үкілей жетті

    Биыл аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтеді

    2 years ago
    Жаңа бекет ашылды

    Жаңа бекет ашылды

    10 months ago
    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.