-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

    04.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Алматы облысында жол құрылысының нормативтеріне енгізілген өзгерістер таныстырылды. Оған жолшылар мен жол салуға тапсырыс беруші жергілікті билік пен атқарушы орган өкілдері қатысты. Оқыту семинары «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалында өтті. Оған ЖАСҰО бас директоры Болатбек Айтбаев пен бірге орталық аппарат мамандары арнайы қатысты. Біліктілікті арттыруға бағытталған семинарда жол құрылысының нормативтеріне енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Өндірістік-техникалық бөлімнің бас сарапшысы Дилара Қонаева жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында және елді мекендер мен қалалардың көшелерінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша KAZROADLAB жүйесі туралы айтты. Сонымен қатар, мекеменің орталық аппарат мамандары автомобиль жолдарын пайдалану кезінде ведомстволық сараптама, диагностикалау, паспорттау және жол сапасын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударды. Тексеріс кезінде белгілі болған заңбұзушылықтар немесе кемшіліктерді уақытылы жою мен анықтау туралы да сөз болды.

     

    **«KAZROADLAB бағдарламасы жыл сайын дамиды, жетіліп отырады, жаңа бағдарлама енгізіліп отырады. Сондықтан ондағы мағлұматтарды дер кезінде білген жөн. Мұндай оқу семинарының да қажеттілігі осында. Себебі ақпараттардың бір жерге тоғысуы жолшылар үшін де, тапсырыс берушілер үшін, әкімдік өкілдері үшін де тиімді. Одан бөлек бұл бағдарлама жемқорлық фактілерін жоюды. Бұл ең маңызды бағыттардың бірі» – деді «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Бақытжан Дастанов. **

     

    Жол активтері ұлттық сапа орталығының «Жақсы жолдан – жарқын өмірге» деген ұранына сәйкес жол сапасының артуы ең басты міндет. Осыған қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мәрте тапсырма берген болатын. Ал жол құрылысының нормативтеріне енгізілетін өзгерістерді сала мамандарының дер кезінде білуі маңызды. Айта кету керек, біліктілікті арттыруға бағытталған оқыту семинары дәстүрлі түрде өткізіледі.

    Ұсынымдар

    Өңірге серпін берер жоба

    Өңірге серпін берер жоба

    10 months ago
    Жаңа технология, озық тәжірибе

    Жаңа технология, озық тәжірибе

    12 months ago
    Дән егілді

    Дән егілді

    3 weeks ago
    Қонаев әкімдігі инфрақұрылым желісін тарту жұмысын бақылауға алды

    Қонаев әкімдігі инфрақұрылым желісін тарту жұмысын бақылауға алды

    1 year ago
    Дауыс беру ақсақал батасымен басталды

    Дауыс беру ақсақал батасымен басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.