⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғи газды пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын білеміз бе?

    05.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Табиғи газды пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын білеміз бе?
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Жылыту маусымы басталғаннан бері Қазақстанда газды пайдаланумен байланысты қайғылы оқиғалардың саны артты. Газ жұмысшылары жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

    «QazaqGaz Aimaq» АҚ төтенше жағдайлар санының өсуі туралы ескертеді. Мәселен, жылыту маусымы басталғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрмыстық газды пайдалану кезінде 76 жазатайым оқиға тіркелді. Нәтижесінде 182 адам зардап шекті, оның 72 – сі өліммен аяқталды.

    Газ қызметкерлері үшін анықталған нәрсе – орын алған қайғылы жағдайлар, негізінен, газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады. Оған себеп  – зардап шеккендердің жылыту құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарауы, оларды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, тамақ дайындауға арналған газ жабдығымен үй-жайларды жылытуы, техникалық қызмет көрсетуді орындамауы, мұржаның түтін тартуын тексермеуі.

    Ауа желдетілуі жеткілікті қамтамасыз етілмеген үй-жайда, терезелер, желдету арналары жабық кезде, кірпіш, сылақ тығыздығы бұзылған кезде газ аспаптарын пайдалану нәтижесінде газ түтіні сыртқа шықпай, үй-жайда улы газ жиналады!

    Сондықтан мұржа мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуі – сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыздың кепілі, өйткені улы газбен уланудың ең көп оқиғасы мұржаның тұтастығы бұзылғандықтан немесе түтіннің тартпауынан туындайды

    Есіңізде болсын! Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қауіпсіз пайдалануға және желдету арналары мен түтін мұржаларының жарамды жай-күйіне үй иелері жауапты!

    Мұржаның тұтастығын, оның бітелмеуін және түтіннің тартылуын үнемі тексеріп отыру қажет.  Қыс мезгілінде далада тұрған мұржаға мұз қатуы мүмкін, сондықтан оның мұзбен бітелмеуін үнемі тексеріп, мұржа қақпағын ашып, мұздан тазарту керек.

    Газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде улы газ тарағанда газ беруді өшіру автоматикасы бар дабылқаққыш сигнализаторларды орнатқаныңыз жөн.

    Есіңізде болсын!!!  Газ – оны дұрыс пайдаланбаған кезде ғана қауіпті! Қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және сіздің отбасыңыздың амандығының кепілі!

    Соңғы жаңалықтар

    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>