-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қоғамдық кеңес төрағасы сайланды

    12.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қоғамдық кеңес төрағасы сайланды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Облыстық қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған құрамының алғашқы мәжілісі өтті. Кеңес төрағалығына мемлекеттік құрылымдардағы бай тәжірибесімен өңірге танымал тұлға Қазыбек Дәуітәлиев сайланды. Ол Қазақстанның бүгінгі таңдағы дамуына елеулі ықпалын тигізіп отырған бірқатар маңызды заң жобаларын жасауға белсенді түрде атсалысты.

    Қазыбек Дәуітәлиев жаңа құрамдағы кеңестің келешегі, алдында тұрған міндеттері және мемлекеттік реформаларды жүзеге асыру барысындағы қоғамдық бақылаудың маңызы туралы ойларын ортаға салды.

    – Мен 2023 жылы қабылданған Қоғамдық бақылау туралы заң жобасын жасауға қатысқанмын. Мен үшін маңыздысы – заң жобасын жасауға қатысу емес, сол заңның қалай жұмыс істейтініне көз жеткізу. Қоғамдық бақылау және халықпен қоян-қолтық белсенді түрде әрекет ету – тиімді басқарудың іргетасы, – деп атап көрсетті.

    Кеңес төрағасының пікірінше, Қоғамдық бақылау туралы Заң азаматтардың мемлекеттік және білім беру мекемелерін өз беттерінше тексеруіне мүмкіндік туғызды. Мұндай тексеріс жүргізу үшін құрамында үкіметтік емес ұйымдардың немесе бастамашыл топтың өкілдері бар бес немесе одан да көп адамнан комиссия құру жеткілікті. Тексермес бұрын сол мекеменің басшылығына алдын ала хабарлап, талқылағылары келетін нақтылы мәселелердң көрсетулері қажет.

    Әңгімесін ары қарай жалғастырған Қазыбек Дәуітәлиев бұдан басқа да конституциялық реформалар аясында қабылданған «Конституциялық сот туралы» Заң мен елеулі жобаларды одан әрі жетілдіру ісіне белсенді түрде ат салысқанын айта кетті.

    Қоғамдық кеңес мүшелері қайта жасақталғанымен, бұл – өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген құрылым. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жария еткен даму стратегиясында мұндай кеңестердің, әсіресе, заң мен тәртіп мәселелеріндегі маңыздылығын баса көрсеткен болатын. Осы жайт Қазыбек Дәуітәлиевті қоғамдық кеңес құрамында заңдылық пен тәртіп жөніндегі арнайы комиссия құру туралы ойға жетелеген. Ол:

    – Біз заңбұзушылықты жедел анықтау және талқылаумен айналысатын сараптамашы топты құрамыз. Бұл, өз кезегінде құқықбұзушылықтың алдын алып, жергілікті билік әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, – деп түсіндірді.

    Кеңестің жаңа басшысы аумақтық комиссиялардың дамуына ерекше назар аудармақшы. Облыс – үлкен, сондықтан тек аймақтық құрылымдармен ғана емес, әрбір ауданмен тікелей қатынас орнатудың маңызы зор. Бүгінге дейін мәселелермен жергілікті жерлерде тікелей айналысатын 11 аумақтық комиссия құрылған. Мұның өзі адамдардың нақтылы мұң-мұқтажын жақсы түсінуге және оларға дер кезінде жауап әрекет жасауға мүмкіндік береді.

    Қ. Дәуітәлиевтің айтуынша, мұндай аумақтық топтарды құру биліктің халықпен өзара әрекеттестігін жақсарту жолындағы шешуші қадам болады. Шағымдарды қабылдап қана қоймай, толықтай кері байланыс пен тұрақты диалог орнатуға да мүмкіндік туады.

    Реформаларды белсенді түрде жүзеге асыру жағдайында қоғамдық кеңестер билік әрекетінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылған. Қазыбек Дәуітәлиев те кеңес мүшелерімен бірге қоғамдық бақылаудың облыстың әр тұрғынының өміріндегі біртұтас бөлшегі болуы жолында бар күш-жігерін салмақшы.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Аспап жасаудың шебері

    Аспап жасаудың шебері

    2 years ago
    Қоғамдық көлік қатары көбейді

    Қоғамдық көлік қатары көбейді

    4 months ago
    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    1 month ago
    Берері мол басқосу

    Берері мол басқосу

    3 months ago
    Үш дүркін  әлем шыңын бағындырды

    Үш дүркін әлем шыңын бағындырды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>