-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос алыпқа арналды

    16.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қос алыпқа арналды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Қос алыптың рухани мұрасы» атты ерекше әдеби-сазды кеш өтті. Кестелі сөз өнерінің ерен жүйрігі Сүйінбай мен жыр алыбы Жамбыл шығармашылығын арқау еткен шараны мәдениет саласының қызметкерлері емес, қатардағы мектеп ұжымы өткізді. Сайына жыр тұнып, бұтағына өлең қонақтаған өңірдің ақындық дәстүрін паш еткен қойылымды тамашалаған жұртшылық кәсіби әртістердің өнеріне куә болғандай әсер алды.

    Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицейі бұл шараға үлкен дайындықпен, ерекше ыждағатпен келгені аңғарылды. Рөлге еніп, кейіпкерді шынайы сомдау, қос ақынның жырларын мүдірместен мәнерлеп оқу, айтысты орындау, әдемі сахналық киімдері бір-бірімен жарасымды үйлесім тауып, көрерменді театрда отырғандай сезіндіргені байқалды. Білім ұясының жас мамандары мен 70 оқушысы қатысқан қойылым бас-аяғы жұп-жұмыр байланысқан оқиға желісімен бір демде қызыға тамашаланды.

    Сүйінбай мен Жамбылдай ұлт тұлғаларын әдеттегі салтанатты жиында немесе оқулықта насихаттау бір басқа да, сахналық бейнелеу әлдеқайда әсерлі. Ал соны өз әріптестері, қатарластары жасағаны тіптен басқаша. Мұны көрермен болып келген өзге мектептердің ұжымы жете сезінгені анық. Халыққа рухани азық сыйлаған көркем дүниеге ұйытқы болған қарымды қаламгер – ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының, Талдықорған қаласының, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, публицист, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағының екі мәрте иегері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Күмісжан Байжан. Сондықтан алдымен аудан әкімі Нұрлан Ертастың жазушыға деген ықылас-тілегін орынбасары Әділбек Қамбарұлы жеткізіп, көпшілік алдында Күмісжан Құдайбергенқызына сый-құрмет көрсетті.

    Бірінші көрініс бір топ оқушының Жамбыл мұражайына саяхатымен басталады. Ішінде ортаңғы сынып оқушысы Күмісжан қыз бар. Мұражай жәдігерлерімен таныстырған мұғалімге шәкірттері ақын жырларын жатқа оқи жөнеледі. Күмісжан, Молдахан, Нағашыбек, Рафат, Жұмабай оқушы Жамбылдың «Балаларыма», «Мұғалімге сәлем», «Халық қазынасы», «Алатау», «Шәкірт балаларға» өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Ол кезде ақын ауылындағы мектептің бір сыныбында бірге оқығандар арасынан кейін 6 қаламгер шыққан. Күмісжан Байжанмен қатар Молдахан Мұқатаев, Нағашыбек Қапалбекұлы, Рафат Әбдіғұл, Жұмабай Шаштайұлы есімі елге белгілі.

    Келесі көрініске Жамбылдың ұстазы – Сүйінбай Аронұлының шығармашылығы арқау етіледі. Сүйінбай мен Қатағанның айтысы сахналанып, айтыс өнерінің алтын діңгегі атанған жыр сүлейінің қырғыз ақынын сөзден қалай ұтқаны бейнеленеді. Бірнеше нұсқасы бар бұл айтыстың Халық ақыны Әсімхан Қосбасаров айтып қалдырған нұсқасы орындалды. Оны өткен ғасырдың аяғында Күмісжан Байжан жыраулық дәстүрдің соңғы өкілінің бірі Әсімхан ақынның өз аузынан жазып алған.

    Жамбыл мен Айкүмістің айтысы да өзінше әсерлі. Ұлттық киімде жарқырап шыққан жастар қыз бен жігіт айтысының көрігін қыздырады. Сол сияқты Жамбыл мен Құлманбеттің сөз қағысы да айшықты сахналанды. Бұл айтыс терең зерттеліп, толықтырылып, өткен жылы «Атамекен» газетінде жарияланған зерттеу мақала бойынша дайындалыпты.

    Қойылымнан кейін белгілі жазушы, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Нағашыбек Қапалбекұлы көпшілік алдында сөз сөйлеп, академиялық театр әртістерінің өнерін тамашалағандай әсер алғанын сүйсіне жеткізді. №1 мектеп-лицейден келешекте талантты өнер тарландары шығатынына сенім білдірді.  Көрермен тарапынан енді «Қос алыптың рухани мұрасы» ауылдарды аралап қойылса деген ұсыныс-тілек айтылды. Гүлфайруз Бухатова басқаратын аталған білім шаңырағының ұстаздар ұжымы мен өнерлі оқушыларының еңбегі атап өтілді.

    – Қазақтың ақындық өнерінде Жамбыл бабамыздың орны айырықша зор екенін тарих әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан ұлы ақын, ХХ ғасырдың Гомері, халық поэзиясының феномені атанған Жамбыл жайлы бір ауыз сөз айтып, мақала жазбаған әдебиетші, журналист кемде-кем. Соған қарамастан жыр алыбының асыл мұрасы толық зрттелді деп айта алмаймыз. Сан ғасыр өтер, табиғат тазарып, талай ұрпақ алмасар, бірақ Сүйінбай мен Жамбылдай жыр сүлейлерінің есімі ұрпақ жадында жаңарып, жаңғырып отыратыны кәміл. Лайым, ұлы ақын-абыздар аруағы халқымызды жебеп, желей берсін! – дейді сценарий авторы Күмісжан Байжан.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Рақмет саған, Салтанат!

    Рақмет саған, Салтанат!

    3 months ago
    Үнді елінде – Алатау әуендері

    Үнді елінде – Алатау әуендері

    1 year ago
    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    2 years ago
    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    1 year ago
    Жас көшет – көше көркі

    Жас көшет – көше көркі

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>