❄️
-5°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мереке мерейі

    16.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Мереке мерейі
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Әз-Наурызды ұлықтайтын онкүндік мерекенің алғашқы беташары – Көрісу күнін Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылдық округінің тұрғындары қуанышпен қарсы алды.     

    Ауылдық округке Көмірші, Ақбейіт, Сарыжаз елдімекендері қарайды. Үш ауылдың ежелден-ақ іргесі ажырап көрген жоқ. Ниеттері бір, тілектері ортақ. Қандай да бір мерейлі мерекелер мен жиын-тойларда қуанышпен қауышады.  Сағыныса көрісіп, амандық-саулық сұрасады. Береке мен бірліктің, бауырмалдық пен сыйластықтың атадан балаға жалғасып келе жатқан ерен үлгісін танытып келеді.

    Бұл күні Сарыжаз ауылында тігілген ою-өрнекті қазақ үй мен ұлттық дәстүрге сай безендірілген сахнаның айналасы дүбірлі думанға толды. Аталған үш ауылдың тұрғындары осы жерде бас қосып, Амал мерекесі – Көрісу күніне құрмет көрсетті. Ұлттық киімдермен келген ауылдың қазыналы қарттары, ақ кимешекті әжелер мен ақ жаулықты аналар, ауыл жастары мерекенің шырайын кіргізіп, абыройын асырды. Мереке ауылдың қадірлі қариясы Қонысбай Рамазановтың ақ батасымен ашылды. Саыржаз ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Ермек Жұманов, аудандық Мәдениет үйінің директоры Медет Байжұма көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Жас ақын Ершат Кәмілжанұлы жырдан шашу шашты. Жиналған көпшілік Мәдениет үйінің өнерпаздары, ауыл жастары, ұстаздар, мекеме, ұйым қызметкерлері ұйымдастырған кең көлемді концерттік бағдарламаны тамашалады.

    «Бірлігіміз арта берсін! Бұл – біздің мызғымас дәстүріміз, рухани құндылығымыз!», – деген көпшілік, осылайша Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мерейін өсіріп, абыройын асырды.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    МӘМС: Студенттер сақтандырылған мәртебесін қалай алады?

    МӘМС: Студенттер сақтандырылған мәртебесін қалай алады?

    8 months ago
    Жаңа энергия көзі ретінде маңызы зор

    Жаңа энергия көзі ретінде маңызы зор

    1 year ago
    Орталық жағажайдан күн сайын 90 тоннаға дейін қоқыс шығарылады

    Орталық жағажайдан күн сайын 90 тоннаға дейін қоқыс шығарылады

    7 months ago
    Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады

    Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады

    3 years ago
    Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>