❄️
-7°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Сұранысқа ие сүт өнімі

    20.03.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Сұранысқа ие сүт өнімі
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Халқымыз үшін сүт өнімдерінің маңызы зор. Ежелден төрттүлікті кәсіп еткен еліміз ауылшаруашылық өнімдеріне ерекше басымдық береді. Міне, сондай экологиялық таза, құрамында қоспасы жоқ табиғи сүт өнімдерін Қарасаздағы «Qarasaz food» деп аталатын сүт зауыты шығарады. Кәсіпорын іске қосылғанына үш жылдан асты. Мұнда қазір сүт өнімдерінің 13 түрі дайындалады.

    Зауыт тәулігіне 500 кг құрт, 2 тонна сүзбе, бір тонна сары май, 7 тонна сүт, 2 тонна айран, «Снежок» сүтті сусынын, 300 кг қаймақ өңдейді. Өндіріске қажетті шикізат та осы өңірге тиесілі. Сүтті арнайы көлікпен Кеген, Райымбек аудандарынан тасымалдайды. Жаз айларында тәулігіне 25 тоннаға дейін сүт әкелінеді.

    «Qarasaz food» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ерсін Айбарұлымен зауыт жұмысы туралы тілдескенімізде, қажетті шикізат Райымбек, Кеген аудандарынан және жергілікті тұрғындардан  сүттей қабылданатынын, мұнда 40 адам жұмыспен қамтылғанын, көбіне ауыл тұрғындары жұмыс істейтінін, Алматы қаласы мен облысында 13 фирмалық дүкені бар екенін алға тартты.

    «Qarasaz food» сүт зауытының құрылтайшысы Сәбит Әлиев сүттен кейінгі өнімдердің қалай даярланатынын  жұмыс барысында аралап көрсетті.

    – Өздеріңіз көргендей, 2,5 пайыздық айран және 9 пайыздық ірімшіктер сатылымға дайын тұр. Ірімшіктің бір қораптағы салмағы 5 кг болады, нарықтағы бағасы – 1500 теңге. Сүттің бағасын тұрғындардан 200 теңгеден қабылдаймыз. Айран мен сүттің бағасы 330 теңгеден саудаланады. Бәрі табиғи, қоспасыз, термостатпен осы жерде дайындалады. Әлеуметтік дүкендермен келісімшарт негізінде жұмыс істейміз. Бағаны тұрақтандырып, ең төменгі қалыпты ұстап тұрмыз. Көрші Қырғыз мемлекетінен келіп жатқан сүт өнімдерімен бәсекеге түсу үшін таза өнімді шығару басты назарда. Үкіметтен қолдау бар. Былтыр 200 тонна сары майды дистрибьютор компаниялар арқылы Ресейге экспортқа шығардық. Биыл да кемі 200 тонна сары майды Қазақстаннан артылғанын Ресейге, басқа да мемлекеттерге экспорттауды жоспарлап отырмыз. Кәсіпорын ашылған бірінші жылы сары май мен құртты өңдеп, сатылымға шығардық. Былтырдан бері зауытымызға технологтар келіп, өндірістің басында жүріп, жұмыскерлерге сүзбе жасаудың қыр-сырын үйретті. Қазір жоғары сапада ірімшік жасап, нарыққа шығарып жатырмыз. Наурыз мерекесіне орай, Қонаев қаласында үлкен жәрмеңке болады, 300 кг ірімшікті 1400-1500 теңгеден сатпақ ойымыз бар. Дайын өнімдерді қалаға тасымалдайтын арнайы автокөліктер сатып алдық. Біздің өнімдеріміз жайлы «Instagram» желісіндегі @qarasaz_food парақшасынан кеңірек білуге болады, – деді Сәбит Әлиев. Сондай-ақ, ол құрт қазақы технология бойынша дайындалатынын, сүттің қай­мағы алынбай, майлы күйінде өндіріле­тін­ін, ол қалыпқа құйылып, одан соң арнайы пеште кептірілетінін айтты.

    Міне, ұлттық өніміміз өз құндылығын жоймай, тұтынушыға осылайша ұсынылуда. «Qarasaz food» сүт зауытының 80 бас сиыры бар, қазір төлдеп жатыр. Кәсіпорын басшылығы таяу болашақта сиыр фермасын ашуды көздеп отыр. Жоспар іске асса, өнімділік те арта түспек.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    “Уход от автократии и укрепление международного авторитета” – американский эксперт высказался о Токаеве

    “Уход от автократии и укрепление международного авторитета” – американский эксперт высказался о Токаеве

    7 months ago
    Шелек шырайланып келеді

    Шелек шырайланып келеді

    1 year ago
    Қала көркін аша түсті

    Қала көркін аша түсті

    5 months ago
    Академик есімі берілді

    Академик есімі берілді

    2 years ago
    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>