-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлтты ұйыстырған мереке

    21.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Ұлтты ұйыстырған мереке
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Қонаев  қаласының орталық   алаңында  Наурыз мейрамы атап өтілді. Көктегі күннің  шуағына малынып, көңілдерін шаттық кернеген облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары алаңға ағылып, күн мен түннің теңелген, көктемнің басты мерекесін айрықша қарсы алды.

    Елімізде Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылған болатын. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев алдымен аталған күн аясында «Достық» аллеясына  облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен бірге ағаш екті. Шараға қатысушылар өңірдегі көп этонстардың бірлігі тәрізді жас шыбықтардың жайқала өсуіне тілектестік білдірді.

    Ұлыстың ұлы күнінде қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлердің жанында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында қойылған бағзы замандардан халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ұлттық құндылықтардан сыр шертетін көріністер мереке салтанатын тіптен асыра түсті. Облыс әкімі Алматыдағы ҚХР-дың Бас консулы Цзян Вэй, Қырғызстанның Бас консулы Жеңісбек  Асанқұлов, Түркияның Бас консулы Э.Мүдеррісоғлы сынды бірқатар көрші және бауырлас елдің дипломаттармен бірге ақбоз үйлерді аралап дәм татты. Халқымыздың бата беру, қыз ұзату, беташар, тұсаукесер сынды сара салтын көрген шетелдік қонақтар таңданысын жасыра алмай жатты.

    Қаланың бас алаңындағы Наурыз тойының ашылу салтанатты шарасы хабарланысымен әжелердің шашу шашып шыққан сәті торқалы тойдың мәртебесін асқақтатты. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, өңір жұртшылығына бақ пен береке тіледі.

    – Тарихы терең, тағылымы мол Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мереке өткен жылдан бастап Наурызнама тұжырымдамасы аясында жаңа форматта, он күн бойы аталып өтілуде.  Наурыз тойын кең көлемде мерекелеу – ұлттық құндылықты арттырып, бірлігімізді нығайтатыны сөзсіз. «Ынтымаққа бақ қонады, бейбіт елге береке кіреді» дегендей, ендігі біздің міндетіміз – барымызды бағалап, бірлігімізді нығайту, Отанымызды одан ары өркендету. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! – деді Марат Елеусізұлы.

    Салтанатты ашылу рәсімінде дүйім жұртқа аты мәшһүр күйші Секен Тұрысбековтің, «Ақжауын» оркестрі мен 100 жас жеткіншек әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің ғасырлық тойының құрметіне «Ата толғауы» күйін күмбірлетті. Сондай-ақ елімізге танымал бірқатар өнер жұлдыздары мен облыстық Сүйінбай атындағы филармониясы әншілерілері мереке көркін қыздырды. Мерекелі шара аясында түрлі көрмелер ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрінен сайыс өтті. Мерекеде қазақы киім киген өзге этнос өкілдерін де көптеп кездестірдік. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген ұлт пен ұлыстардың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

    Ерзат Асыл,

    Қонаев  қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

    Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

    5 months ago
    Газдандыру қарқын алады

    Биыл 17 мектеп пайдалануға беріледі

    4 months ago
    Министрлік: Тұрғын үй кезегіндегілердің 3/1-і талапқа сай емес

    Ел өңірлерінде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

    2 months ago
    Blockchain ХҚКО қызметін айтарлықтай жеңілдетті

    Blockchain ХҚКО қызметін айтарлықтай жеңілдетті

    1 year ago
    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>