-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сарбаздар сайысы

    03.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Сарбаздар сайысы
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы бекіткен «Наурызнама» онкүндігі аясында және Ұлттық спорт күніне орай Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Жамбыл аудандық филиалы мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырған «Ұлттық спортты ұлықтайық» атты сайыс үлкен ұйымшылдықпен өтті.

    Бұл айшықты шараға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай басқармасына қарасты «Қарғалы», «Қастек», «Жамбыл» шекара бөлімшелері мен Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары қатысты. Олар өздерінің физикалық дайындығын және ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілігін көрсетіп, сайыста белсенділік танытты.
    Ойын барысында қатысушылар өз өнерін ортаға салып, ұлттық ойындардың ережелері мен ерекшеліктерін терең меңгеруге тырысты. Атап айтқанда, автоматты бөлшектеп-жинақтау, гір тасын көтеру, қолкүрес, асық ату, арқан тартыс сынды көптеген ойын мен жарыстар өткізілді. Бұл жарыстар қатысушылардың тек физикалық қабілеттерін ғана емес, сондай-ақ ептілік, шеберлік, тапқырлық секілді маңызды қасиеттерді шыңдауға мүмкіндік берді.
    Байқау қорытындысы бойынша, Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды «Жамбыл», үшінші орынды «Қастек» шекара бөлімшелері қанжығасына байлады. Жарысқа белсене қатысқан «Қарғалы» шекара бөлімшесі ынталандыру сыйлығына ие болды.
    Сайыс соңында барлық жеңімпаздарға Жамбыл ауданы әкімдігінің Алғыс хаты мен кубок-медальдар табысталды. Бұдан бөлек, әскери қызметкерлерге сый-сияпат та ұсынылды. Бұл күн тек жарыс қана емес, барлық қатысушылар үшін ұлттық спорттың құндылығын сезінуге мүмкіндік берген ерекше күн болды. Осындай шаралар жастарды спортқа баулып, маңыздылығын түсіндіріп, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.

    Ардақ САҒАТҚЫЗЫ,
    Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
    Жамбыл аудандық филиалының оқытушысы

    Ұсынымдар

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    Тәлімгерліктің рөлі қандай?

    10 months ago
    Шеңгелдідегі суару желілері күрделі жөндеуден өтеді

    Шеңгелдідегі суару желілері күрделі жөндеуден өтеді

    4 months ago
    Ізгілік мерекесі

    Ізгілік мерекесі

    12 months ago
    Алматы облысында 246 кәсіпорынның техникалық құрылғысы жаңартылған

    Алматы облысында 246 кәсіпорынның техникалық құрылғысы жаңартылған

    4 months ago
    Жеңіске бастар жол

    Жеңіске бастар жол

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>