-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         SDU университеті құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті ақылдастық кеңесінің (Advisory Board) кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланды. Талқылауға құқық, халықаралық қатынастар, журналистика және қолданбалы психология бағыттары кірді.

    Отырыс барысында мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер, оқу бағдарламаларының еңбек нарығы талаптарына сәйкестігі және пән­аралық ықпалдастықтың болашағы қарастырылды. Сондай-ақ заманауи оқыту әдістерін енгізу және тәжірибеге бағытталған білім беруді дамытуға баса мән берілді.
    PhD, құқық және әлеуметтік ғылым­дар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев өз сөзінде ақылдастық кеңесінің жұмысына қатысқан қонақтарға алғыс білдіріп, университеттің миссиясы туралы кеңінен әңгімеледі.
    – Университетіміздің басты мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азияға жоғары білікті, заманауи біліммен қауқарланған кадрлар даярлау. Сабақтар қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Атап айтқанда, халықаралық қатынастар толық ағылшын тілінде және журналистика мамандығы қазақ-ағылшын тілінде оқы­тылады. Құқық пен психология бағыт­тары қазақ тілінде білім береді. Қазіргі таңда 650-ге жуық түлегіміз бар, – деді декан.
    Ол өз сөзінде былтыр ғана қолға алынған қолданбалы психология бағдар­ламасының биыл сәтті іске қосылғанын, бұл бағытта алғаш рет білім берудің басталғанын атап өтті. Сонымен қатар магистратура деңгейінде құқық және журналистика бағыттары бар екенін, ал халықаралық қатынастар бойынша магистрлік бағдарлама ашу жоспарда тұрғанын жеткізді.
    – Құқық саласы бойынша докторан­тура бағдарламасы жұмыс істеп тұр, алайда болашақта басқа бағыттар бойын­ша да ашылуы білікті кадрларға байланысты болады, – деді құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы. Оның айтуынша, жақында құқықтану және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы халықаралық FIBAA аккредита­циясынан сәтті өтті, бұл – білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.
    «Kaspi.kz» баспасөз хатшысы, журналист Ербол Азанбек талқылау барысында қазіргі қазақтілді медианың жағдайына тоқталып, бизнес пен БАҚ арасындағы байланысты күшейту қажеттігін алға тартты. Ол:
    – Ірі сайттар мен ақпарат агент­тіктерінің ортақ стандарттары болуға тиіс. Қазір бизнес жарнамаға ақша жұмсайды, бірақ бұл жарнамалар қазақтілді сайттарға беріле бермейді. Себебі кейбір сайт ақпаратты, тақырыпты бұрмалап, жарнамаға деген сенімсіздік тудырады. Бізге медиа мен бизнестің арасында кәсіби қарым-қатынас орнату керек. Жобалардың презентациясы, коммерциялық ұсынысы, прайс парағы болуы шарт. Басшылары ірі компаниялармен келіссөз жүргізе алатындай болуға тиіс. Сондықтан медиа менеджментті дамыту ауадай қажет, – деп ұсынысын ортаға салды. Сонымен қатар басқару психологиясы пәнінің қасына коммуникация психологиясын қосудың маңызына тоқталып, телеарналардағы жарнама сапасының төмен екенін, бұл салада да жаңғырту шараларының қажет екенін атап өтті.
    Ақылдастық кеңес барысында саяси коммуникация пәнінің мазмұнын кеңейту мақсатында оған бизнес коммуникация пәнін қосу жоспарланып отырғаны айтылды. Медиа менеджмент бағдарламасын ағылшын тілінде де оқыту шетелдік, әсіресе Қытайдан келетін талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік болары сөз болды. Осыған байланысты білім беруді қазақ және ағылшын тілдерінде қатар жүргізу қажеттілігі туындап отыр.
    Әлеуметтік ғылымдар кафедра­сының меңгерушісі, PhD Әйгерім Әлімжан кеңес жұмысының басты мақ­сатына тоқталып, оны нақты ұсыныс­тармен толықтырды.
    – Ақылдастық кеңестің мақсаты – білім беру бағдарламаларын өндірістегі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестендіру. Кеңес барысында жұмыс берушілердің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, түлектердің кәсіби біліктілігін арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар еңбек нарығындағы қажеттіліктер ескеріліп, оқу бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру мәселелері талқыланды.
    Оқу бағдарламаларына заманауи технологияларды, өндірістік стандарт­тарды енгізу бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Мәселен, «журналистика» білім беру бағдарламасына жасанды интеллекті қосу заман талабына сай маңызды қадам болмақ. Өйткені ЖИ деректер журналистикасындағы пәндерді толықтырады. Нейрожелілердің көмегімен контент жасау, мәтінді генерациялау, аудиожазбаларды өңдеу қазіргі өндірістің талабы. Сонымен қатар ЖИ-дің этикалық мәселелерін де терең оқыту сөз болды. Қорыта айтқанда, ақылдастық кеңес жұмысы студенттердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың медиа индустрияның жаңа талаптарына сәйкестендіруге көмектеседі, – деді кафедра меңгерушісі.
    Осылайша, ақылдастық кеңес отыры­сында білім беру мен медиа нарығының түйткілді мәселелері ашық талқыланды. Жиын жұмыс берушілер мен академиялық орта арасындағы байланысты нығайту негізінде студенттердің еңбек нарығына бейімделуіне серпін береді.

    Бағдат Сұлтанқызы
    журналист

    Ұсынымдар

    Мұғалім –  мектептің жүрегі

    Мұғалім – мектептің жүрегі

    8 months ago
    Алматы облысының сайлаушылары белсенді дауыс беріп жатыр

    Алматы облысының сайлаушылары белсенді дауыс беріп жатыр

    2 years ago
    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды

    Елімізде 217 жайлы және 200 тірек мектеп желісі құрылуда

    4 months ago
    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады

    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады

    5 months ago
    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>