-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Саяжайлар ауыл құрамына енді

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Саяжайлар ауыл құрамына енді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Өткен жылы облыстағы бірқатар сая­жай елдімекенге қосылды. Бұған дейін өңірдегі саяжайларға елдімекен мәртебесі берілмегендіктен инфрақұрылым, инженерлік желілер тарту, мектеп, балабақша, емхана сынды әлеуметтік нысандар салу мүмкін болмады. Бұл мәселе ондағы жұртты әуре-сарсаңға салып келген еді. Енді, міне, ол іс те оң шешімін таба бастады.

    Алматы облысында барлығы 674 саяжай алабы бар. Атап айтсақ, Қарасай ауданында – 200, Іле ауданында – 157, Талғар ауданында – 152, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Жамбыл ауданында – 21, Қонаев қаласында 9 саяжай орналасқан. 2023 жылы Алматы облысындағы 333 саяжайды жақын маңдағы елдімекендерге қосу­дың Бас жоспары жасалды. Ал 2024 жылдан бері Қарасай ауданының аумағына қарасты саяжайларды елдімекендердің құрамына қосу бағытында белсенді жұмыс жүргізіле бастады. Нәтижесінде былтыр ауданда 101 саяжай алты елдімекенге қосылды. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылға арналған бюджеттік өтінім бойынша саяжайлық қоғамдастықтары бар елдімекендердің тізбесі жасалып, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім жіберілген. Құжат қабылданып, қаражат бөлінген соң, аталған саяжайлар шекара құрамына енгізіліп, оларға елдімекен атауы беріле бастаған. Енді елдімекен мәртебесін алған саяжайлардың аумағында мектеп, балабақша, аурухана, жолдарды жөндеу мен көшелерді жарықтандыру, орталықтандырылған ауызсу мен табиғи газ тарту мәселесін шешу жолдары қарастырылмақ.

    Ермұрат Мұқырбай
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қыран құс не алмайды салса баптап?!

    Қыран құс не алмайды салса баптап?!

    7 months ago
    “Қазақ тілі мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді”

    “Қазақ тілі мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді”

    2 years ago
    Жамбыл ауданында сүзгі алаңында болған төтенше жағдай салдары жойылуда

    Жамбыл ауданында сүзгі алаңында болған төтенше жағдай салдары жойылуда

    3 months ago
    Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамуда

    Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамуда

    5 months ago
    Саяжай мәселесі күн тәртібінен түспейді

    Саяжай мәселесі күн тәртібінен түспейді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>