-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бірлескен жоба

    08.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бірлескен  жоба
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Жамбыл ауданындағы бала­бақшаларға енді Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлары әдіс­темелік көмек көрсетпекші. Бұл туралы Жаңақұрылыс ауылындағы «Айгөлек» бөбекжайында өткен форумда белгілі болды. Онда жоғары оқу орны мен бірнеше мектепке дейінгі ұйым арасында ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды.

    «Табиғатпен үйлесім» атты форумда экологиялық тәрбиенің маңызы мен оны жүзеге асырудың инновациялық тәсілдері қарастырылды. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру жолдары жан-жақты талқы­ланды. Бұл орайда алдымен Абай атындағы университеттің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылым­дарының кандидаты, профессор Ұлбосын Қияқбаева мазмұнды сөз сөйледі. Жамбыл аудандық әдістемелік орталық әдіскері Әтіркүл Қожахметова мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік тәжірибелерін таныстырды. Балабақша меңгерушілері Гүлбаршын Жүнісбекова мен Бақытгүл Смағұлова экологиялық тәрбиені дамыту бағытындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
    Жиында Қазақ ұлттық педаго­гикалық университетінің оқытушы­лары баяндама жасап, зерттеулерімен бөлісті. Профессор Ақсәуле Манкеш экологиялық білімнің когнитивтік дағдыларды дамытудағы рөлін талдады. Философия ғылымдарының докторы Алтынай Жақыпова тұрақты даму мақсатына негізделген экологиялық білім­нің маңызын түсіндірді. Докторант Гүлмира Қапсанова балалар­дың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық аспектілерін ұсынды. Сондай-ақ универ­ситет профессорлары Гүлбану Абитова мен Әсем Бүлшекбаева мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту міндетін қозғаса, аға оқытушы Айжан Әуезова тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселесін көтерді.
    Ал «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешілері Салтанат Тайлақбаева мен Жансұлу Тоянова және «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ділдә Тұрлыбекова экологиялық білім берудің тәжірибелік әдістерін ортаға салды. Бөбекжайдағы «Жасыл балабақша» және «Эколайф» жобалары таныстырылып, жиынға қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін ата-аналармен бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін айтты.
    Аталған шарада мектепке дейінгі білім беруде үздік тәжірибелерді таратуға, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға тың қадам жасалды. Қатысушылар нақты ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Жамбыл ауданының бірнеше мектепке дейінгі ұйымы арасында ынтымақтастық келісімшартына қол қойылып, экологиялық тәрбиені дамытуға бағытталған бірлескен жобалар белгіленді.

    Серік Сатыбалдиев

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    12 months ago
    Үкімет жылу желілерін  тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

    Үкімет жылу желілерін тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

    2 years ago
    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

    4 weeks ago
    Алмас Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Алмас Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    2 years ago
    Қонаев қаласының әкімі тағайындалды

    Қонаев қаласының әкімі тағайындалды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>