-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құмай тазылар сайысы өтті

    09.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Құмай тазылар сайысы өтті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Іле ауданына қарасты Қараой ауылында құмай тазылар арасында «Асыл мұра – 2025» ашық облыстық турнирі өтті. Сайысқа Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарынан 70-тен аса саятшы, сондай-ақ көрші Қырғыз елінен де құмай тазы баптаушылар келді. Бұл жарыс «шырға тартудан» облыста жазғы маусымның ашылғанын білдіреді.

    «Біздің облыста құмай тазы өсіруде Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары алда келеді. «Асыл мұра» облыстық федерациясы құрылды. Былтыр демеушілердің арқасында осы тектес 7 жарыс ұйымдастырдық. Биыл мамыр және қазан айларында Қараой ауылында республикалық сайыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер тағы да демеушілер табылып жатса, қосымша турнир өткізуді қолға аламыз. Барған сайын жарыс ауқымы кеңейе түсуде. Қырғызстаннан қатысушылар келіп жатыр. Бұған, әрине, қуанасың. Өйткені, мұндай бастамалардың қай-қайсысы да ұлттық мұрамызды сақтауға қызмет етеді», – деді «Асыл мұра» облыстық  тазы федерациясының президенті Ернар Мүптекеев.

    «Asyl qazyna» республикалық тазы федерациясының бекітілген ережесіне сәйкес, жарыста қашықтық 1000 метрді құрады. Тазылар екі кезең бойынша сынға түсті. Алдымен шағын топтарға бөлініп кім мықтыны анықтады. Бұдан кейінгі бәсеке шағын топтар жеңімпаздары арасында өтті.

    «Бүгінгі көңіл-күйіміз тамаша. Тазымды сайысқа осымен төртінші рет қатыстырып отырмын. Жарыс өте тартысты өтті. Абай өңірінің асыл тұқымды иттеріне есе жіберіп қалдық. Ең бастысы, бұл жарыстан тазы баптаудың әдіс-тәсілдеріне қанығып, біраз тәжірибе жинақтадық»,- дейді саятшы Ермек Саяқов.

    «Ұрғашы құмай тазы» номинациясы бойынша 25 тазы бақ сынады. Нәтижесінде Абай облысынан Аман Дүкеновтің «Жұлдыз» атты тазысы бірінші орын алды. Жетісу облысынан қатысқан Мерей Ахметовтің «Қаршығасы» екінші орын иеленді. Ал үшінші жүлде Іле ауданынан Нұрғали Нұрышевтің «Аламан» атты тазысына бұйырды.

    60 тазы жарысқа түскен «Еркек құмай тазы» номинациясында ілелік Айдын Қудайбергеновтің «Сылды» тазысы, жетісулық Талас Мұхтарбековтің «Каражолы» және Балқаш ауданынан Ерлан Шыбеков баптаған  «Кокдауыл» атты тазысы жүлдегер атанды.

    Ұсынымдар

    Ұлттық құндылық – ұлт бейнесі

    Ұлттық құндылық – ұлт бейнесі

    7 months ago
    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    1 year ago
    Жаһандық жарыс

    Жаһандық жарыс

    10 months ago
    АЭС-тің артықшылығы басым – ядролық физика маманы

    Алматы облысында АЭС салу бойынша сауалнама өткізілді

    9 months ago
    «Халық қатысатын бюджет» аясында 20 аумақ абаттандырылады

    «Халық қатысатын бюджет» аясында 20 аумақ абаттандырылады

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.