-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғатты аяла!

    11.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Табиғатты аяла!
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Кеген ауданы орталығындағы «Жастар» саябағында «Парктер шеруі – 2025» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті. Шараны аудан әкімдігі мен «Көлсай көлдері» МҰТП мемлекеттік мекемесі бірлесе ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және адамдардың денсаулығын нығайту үшін оларға белсенді өмір салтын ұсыну.

    Акция аясында қайың ағашының 50 түп, шренка шыршасының 35 түп көшеті отырғызылды. Бұл жергілікті флораны қалпына келтіруге, биоәртүрлілікті арттыруға, болашақта тұрақты және сау экожүйені құруға мүмкіндік ашады.
    Парктер шеруінің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев:
    – Бұл шара экологиялық мәдениетіміз бен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігімізді арттыруға негіз болады. Табиғатты сақтау, қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл шеруде біз табиғаттың жанашырлары ретінде оны аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысамыз. Табиғатты қорғау тек сөзбен емес, нақты іс-әрекетпен жүзеге асуы тиіс. Сондықтан бүгінгі шеруде табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді, қамқорлығымызды әрі жауапкершілігімізді көрсетуіміз керек, – дей келе, қазіргі таңда экологиялық мәселелер әлемдік деңгейде өзекті болып тұрғанын, осындай игі шаралардың оны шешуге аз да болса үлес қосатынын тілге тиек етті.
    Бұдан соң сөз алғандар «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Бақыт Жүнісов, «Кеген орман шаруашылығы» мекемесінің директоры Айболат Әскербекұлы, аудан жастары атынан Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерасыл Баққожа бұл іс-шара табиғаттың сұлулығын сезінуде, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыруда, белсенді өмір салтын насихаттауда маңызды құрал болып табылатынын айтып өтті.
    Акция барысы концерттік бағдарламамен жалғасып, шара соңы орталық саябақ аумағын көгалдандыру мақсатында тал көшеттерін отырғызумен түйінделді.
    Табиғатты ластамау, қоқыс тастамау, көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, өзен-көлдердің бойын таза ұстау, балаларға экологиялық тәрбие беру – осы ізгілікті жұмыстың басты бағыттарының бірі.
    Айта кетсек, «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда 1996 жылдан ұйымдастырылып келеді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Шарындағы шаттық

    Шарындағы шаттық

    6 months ago
    Кеген ауданындағы нөсер салдары тез арада жойылды

    Кеген ауданындағы нөсер салдары тез арада жойылды

    10 months ago
    Тұма жырдың тұнбасы

    Тұма жырдың тұнбасы

    1 week ago
    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    1 year ago
    Бәсеке бар жерде сапа бар

    Бәсеке бар жерде сапа бар

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>